11 Мамыр, 2011

Тиімділігі дәлелденген

511 рет
көрсетілді
9 мин
оқу үшін
Тұрғын үй құрылыс жинақ жү­йесі тұрғын үй құрылысының жаңа бағдар­ламасының негізгі тірек күші ретінде белгіленген. Өз қызметінің тиімділігін көрсете білген Қазақ­станның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі аталған бағдар­ламаның негізгі операторы болып отыр. Өз басының жағдайын ойлау – әр­кімнің жеке ісі. Әйтсе де, мемлекет азаматтардың тұрмыс жағдай­ларын тезірек және қымбатшылыққа ұрын­бай жақсартуға қол жеткізуіне жәр­дем етеді. Кредиттік мөлшерле­ме­лерге жәр­дем қа­ражаттар бөле оты­рып, мемлекет заем­шы үшін заем­дар­ды анағұр­лым қол­жетімді ете түседі. Бұл шара заемшылар – жеке тұлғалар үшін ай­рық­ша ма­ңыз­ды, себебі олар борыш­тық жүкте­ме­нің төмендеуіне ерекше мүдделі. Ипотека­ны және тұрғын үй құрылыс жинақ­тарын дамыту жөнін­дегі бағдарлама­лар­ды іске қоса оты­рып, мемлекет қар­жы­лық нарықты да­мыту арқылы атал­ған қызметтерге деген сұра­ныс­тарды ын­таландыра түседі. Құрылыс секторының төмендеуі жа­ңа үйлер салу көлемінің қыс­қаруы­на алып келді. Бұл жәйт, өз кезегінде, жұ­мыс орындарының жойылуына жә­не ипотека мен тұрғын үйге кредит беруге мүдделіліктің құлдырауына әкеліп соқ­тырды. Жұмысшыларды құрылыс алаң­дарына қайта қайтару және қазақ­стан­дықтарға тұрғын үй жағдайларын шешу мүмкіндігін беру үшін Үкімет тұрғын үй құрылысын дамытудың бірнеше ба­ғыт­тарынан тұратын Қазақстан Респуб­лика­сындағы тұрғын үй құры­лы­сының 2011-2014 жылдарға арнал­ған бағдарла­масын қабылдады. Бағдар­ламаны жү­зеге асыру мақсатында Қа­зақстанның Тұрғын үй құ­ры­лыс жинақ банкі Қа­зақстан Рес­публи­касының Құ­рылыс жә­не тұр­ғын үй ком­муналдық-шаруа­шы­лық істері жө­нін­дегі агенттігімен бірлесе отырып тұр­ғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы құрылыс салу және жүзеге асыру схемасын әзірледі. Тұрғын үй бағдарламасын орын­дау үшін тұрғын үй құрылыс жинақ жү­йесі­нің база ретінде таңдап алынуы кез­дей­соқтық емес. Өткен жылдың со­ңындағы «Жаңа онжылдық – жаңа эко­номикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндік­тері» атты Қазақстан хал­қы­на Үндеуінде Мем­лекет басшысы тұр­ғын үй құрылы­сы­ның да­муын­да жоға­ры әлеует­ке ие болып отыр­ған тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесінің орнын жә­не азамат­тар­дың, Тұрғын үй құ­ры­лыс жи­нақ банкі­нің, мем­ле­кеттің және құры­лыс компа­ния­ларының тең құ­қық­ты серіктестігі ұстанымын пайдалану қа­жеттігін ерекше атап көрсетті. Серіктестік сатып алушылар мен кре­дит беруші банктер үшін тұрғын үй құрылысының үрдісін неғұрлым ашық етіп көрсетуге мүмкіндік береді, қара­жат­тарды жоғалту тәуекелін азайтады және құрылыс нарығына жағымды әсер етеді. Дәл осы себепті бағдарлама аясын­да үрдістің барлық қатысушылары ара­сын­дағы өзара әрекеттестіктің бірегей схема­сы ойлап табылды. Тұрғын үй құ­рылыс жинақ банкі жұртшылықтың са­тып алу қабілетін ескере отырып, са­лым­шылар ара­сынан әлеуетті тұрғын үй сатып алу­шылардың пулын қалып­тас­тырады. Ал­маты және Астана қала­лары­­ның, об­лыс­тардың әкімдіктері тұр­ғын үй құрылыс жинақ жүйесінің қаты­сушы­лары үшін тұрғын үй салу мақ­са­тын­да банкпен келісім бойынша құры­лыс салу­ға жер телімін таңдайды және банкпен келісілген талаптарда тұр­ғын үй салады. Сатып алу­шылар пулына қатысу­шылар, өз кезегінде банк­те жи­нақ­талған тұрғын үй құры­лыс жинақ­тарының және тұрғын үй заем­дарының есебінен пайдалануға берілгеннен кейін салынған тұрғын үйді сатып алады. Әкімдіктер мен Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арасында тұрғын үй құры­лы­сының әрбір нысаны бойынша әріп­тес­тік туралы тиісті шарттар жасалатын болады, оларда тұрғын үйдің негізгі тех­ни­калық сипаттамалары, атап айтқанда: орнала­са­тын орны, класы, қабатты­лы­ғы, пәтер­лер­дің саны, пәтерлердің ау­да­ны, таза әрлеу параметрлері және т.б. нақ­ты белгіленетін болады. Мұндай жағ­дайда, тұрғын үй салу және жүзеге асыру бо­йынша әріптестік туралы шартта сон­дай-ақ таза әрленген 1 ш.м. тұрғын үйді сату құны, құрылыстың сапасын, құрылысты және тұрғын үй нысанын пайдалануға беру  мерзімдерін қамтамасыз ету бо­йын­ша әкімдіктің мін­деттемесі, тұрғын үйді сатып алу­шы­лар­дың пулдарын қалыптастыру және оларға кредит беру бойынша Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің міндеттемесі белгіленеді. Аталған схема тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіне қатысушылардың тәуе­ке­лін іс жүзінде жоққа шығаратын­дығы­мен бағалы. Біріншіден, құрылысты әкім­дік­тер іске асырады, ал бұл тұрғын үй құ­ры­лыс жинақ жүйесінің қатысушы­лары үшін тұрғын үйдің салынатынына және пайдалануға берілетініне кепілдік береді. Екіншіден, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшыларының ақша­лары құры­лысты қаржыландыруға жұм­сал­майды және тиісінше, сақтаулы тұра­ды, себебі са­тып алушылар пулына қаты­сушылар са­тып алынатын пәтерлер үшін төлемді тек таза әрленген тұрғын үйлер пайда­лануға берілгеннен кейін ғана жүзеге асырады және меншік құқығын рәсімдейді. Үшін­шіден, тұрғын үй заем­дары бойынша тө­мен сыйақы мөлшер­ле­мелерін ескеретін бол­сақ, тұрғын үй құрылыс жинақ жүйе­сіне қатысушы­лар­дың отбасы бюджетіне түсетін қаржылық салмақ ауыр болмайды. Тұрғын үй құрылысы бағдарламасы республикалық бюджет қаражаттары­мен қаржыландырылатын болады. Бұл мақ­сат­тарға республика барлық облыс­тары­ның, Алматы және Астана қала­лары­ның жергілікті атқару органдары жайлылық деңгейі 3-ші класты тұрғын үйлер салу үшін 2011-2013 жылдары 80,84 млрд. теңге бөледі. Бір айта кететіні, Алматы қаласы үшін таза әрленген 1 ш.м. үшін сату бағасы 142,5 мың теңгені құраса, Астана және Ақтау қалалары үшін 112,5 мың теңге, басқа облыс орталықтары үшін 90 мың теңгені құрайтын бола­ды. Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйе­сіне қатысу­шы­лар үшін барлығы 800 мың ш.м. тұрғын үй салу жоспар­ланып отыр. Тұрғын үй нарығын қалпына келтіру жөніндегі міндеттердің ауқым­ды­лығы және оларды жүзеге асыру талап­тары Тұрғын үй құрылысы бағдар­ламасын осыған ұқсас жобалардан, атап айтқанда, қолданыстағы Мемлекеттік бағдарлама­дан ерекшелендіреді. Тұр­ғын үй құры­лы­сы бағдарламасының бас­ты айырма­шы­лығы мен артық­шы­лы­ғы – оның ха­лықтың кең ауқымды бөлігіне арнал­ған­дығы, ал Мемлекеттік бағдарламаға тек жұртшылықтың ба­сым­дыққа ие санат­тары ғана енгізілген. Тұрғын үй құрылысы бағдар­ла­масына кез келген қазақстандық қа­ты­са алады. Қатысу талаптары көп емес. Банк салымшылары мынадай негізгі өлшемдерге сәйкес келуі қажет: 1) заем алу үшін тұрғын үй құры­лыс жинақ жүйесі мәселелері бойын­ша заң­нама талаптарын және тұрғын үй құ­рылыс жинақ шартының талап­тарын орындау; атап айтқанда, баға­лау көрсет­кі­ші­нің ең төменгі мә­ніне жету, ең тө­менгі қажетті соманы жи­нақ­тау, кепіл­зат­тық қамтамасыз етуді беру және т.б.); 2) Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің талаптарына сай тұрғын үй заемына қызмет көрсету үшін төлем қабілетін растау. Тұрғын үй құрылысы бағдар­ла­ма­сын Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқы­лы жүзеге асыру құры­лыс нарығының қайта жандануына жол ашады, банк­тердің заемдық қыз­меттеріне сұранысты арттырады, ең бастысы – көптеген қазақстан­дық­тарға жеке үйінің иесі болу бақытын сыйлауға жәрдем етеді. Қосымша ақпаратты «Қазақстан­ның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-тың мына телефондары арқылы алу­ға болады: Алматы қ., 279-25-55, Астана қ., 40-72-76, Талдықорған қ., 24-40-48, Қарағанды қ., 43-62-02, Қызылорда қ., 26-26-64, Павлодар қ., 34-08-99, Өскемен қ., 75-48-65, Атырау қ., 32-04-00, Тараз қ.. 42-58-80, Ақтөбе қ., 55-72-21, Ақ­тау қ., 43-96-91, Қостанай қ., 53-38-20, Петропавл қ., 42-79-94, Көкшетау қ., 25-63-04, Шым­кент қ., 21-33-62, Орал қ., 54-03-33, Семей қ., 52-22-90 немесе мына сайтта www.hcsbk.kz Айнаш ЕСАЛИ.