11 Мамыр, 2011

Прокурорлар ағаш отырғызды

471 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Өскемен қалалық прокуратурасының қызметкер­лері «Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына – 20 түп ағаш» акциясы бойынша мекеме жанында ағаш көшеттерін отырғызды. Өскемен қаласының про­куроры Серікжан Тасжановтың айтуынша, айтулы мереке қарсаңында басқа да шаралар атқарылмақ. Көшелерді тазарту, прокуратура саласында қызмет еткен ардагерлерге көмек көрсету, басқа да игілікті істер назардан тыс қалмайды. Қалалар мен аудандардағы прокуратура саласы­ның қызметкерлері де аулаларды таза ұстау, ағаш отыр­ғызуға белсене араласуда. Оңдасын ЕЛУБАЙ. Өскемен.