9 мамыр күні Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 66 жылдығына орай Астанадағы «Отан қорғаушылар» монументіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Фашистік басқыншылармен күресіп, қан майданнан оралмаған қазақстандық жауынгерлерге құрмет көрсету шарасына Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов бастаған бірқатар мемлекет қайраткерлері, астаналықтар мен қала қонақтары қатысты.
Гүл шоқтарын қою рәсімі аяқталған соң, бір минөт үнсіздік жарияланып, еліміз Әнұраны орындалды. Бұдан кейін салтанатты шараға қатысушылар әйгілі композитор М.Матусовскийдің «Қайдасыңдар, қарулас достарым» атты әнінің әуенін тыңдай жүріп, қаз-қатар тігілген шатырлар жаққа бет алды. Онда ардагерлер дәстүрлі қарақұмық ботқасынан дәм татса, театр әртістері майдангерлер құрметіне театрландырылған көріністер қойды. Сондай-ақ осы күні елорданың түрлі алаңдарында өзге де шаралар өтіп, соғыс жылдарындағы әндер шырқалды.
Әбдірахман ҚЫДЫРБЕК.
-----------------------------------
Суретті түсірген Ағыбай АЯПБЕРГЕНОВ.

Әлем кубогі: Санжар Тәшкенбай жартылай финалға жолдама алды
Бокс • Бүгін, 12:11
Ұландықтар Геннадий Головкинді ерекше форматта құттықтады
Қоғам • Бүгін, 11:58
Университеттерге құжат қабылдау қашан басталады?
Университет • Бүгін, 11:55
1-сыныпқа қабылдау: Ата-аналар тұрақты тіркеу талап етілетініне шағымданды
Қоғам • Бүгін, 11:44
Алматыда 400-ден аса заңсыз сауда нысаны сүрілді
Сауда • Бүгін, 11:40
Миллениал ата-ана, зумер бала: Қалай тіл табысамыз?
Қоғам • Бүгін, 11:30
Өзбекстан футболшылары жанкүйерлердің ықыласына бөленді
Футбол • Бүгін, 11:24
Филиппинде жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 78 адамға жетті
Әлем • Бүгін, 11:10
Ел тұрғындары шілде айында қанша күн демалады?
Мереке • Бүгін, 11:01
Вьетнам шетелдіктер үшін елге кіру рәсімін жеңілдетті
Туризм • Бүгін, 10:52
Қарағандыда жүктілікті үзу қызметі үшін заңсыз 22 млн теңге төлем алынған
Аймақтар • Бүгін, 10:51
Жамбыл облысында пара алған экс-полицейлерге сот үкімі шықты
Жемқорлық • Бүгін, 10:37
Иран Ормұз бұғазындағы алымдарды 60 күнге тоқтатты
Әлем • Бүгін, 10:30
Volkswagen компаниясы 50 мың жұмысшыны қысқартады
Әлем • Бүгін, 10:22
Астана мен Алматыдан Ыстықкөлге тікелей рейс ашылды
Логистика • Бүгін, 10:11