Талғат ЖҰМАҒҰЛОВ, «Егемен Қазақстан» – Венадан.
Рәсім кезіндегі әңгімеде Қазақстан мен ЮНИДО арасындағы өзара іс-қимыл мәселелерінің кең ауқымы талқыланды. Ұйымның маңызды рөлі, сондай-ақ оның дамушы және өтпелі кезеңде елдерге тигізетін пайдасы атап өтілді. ЮНИДО басшысының назары Қазақстан Үкіметінің экономиканы әртараптандыру бағытында үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының қабылдануына аударылды. Еліміздің техникалық ынтымақтастықтың нақты жобаларын іске асыруға қызығушылығы құпталды. Ал К.Юмкелла 2010 жылы шілде айының басында Қазақстанға жасаған сапарын жылы лебізбен еске алды. Бұл ЮНИДО басшысының Орталық Азияға жасаған тұңғыш сапары еді. Бас директор дамушы елдер индустриялық саясатты іске асыру жолында егжей-тегжейлі жоспарлап, мақсатты әрекет жасаулары тиіс, деді. Осы орайда Қазақстанның шикізат бағыттылығынан құтылып, экономиканы әртараптандыруға барлық мүмкіндігі бар. К.Юмкелла ЮНИДО-ның барынша қолғабыс көрсетуді жалғастыра беретініне сендірді. Сондай-ақ 22-24 маусымда Вена қаласында өтетін ЮНИДО елдерінің өнеркәсіптік даму жөніндегі кеңесінің 39-шы мәжілісіне дайындық туралы хабардар етті.Испания мен Кабо-Верде кездесуінде гол соғылмады
Спорт • Кеше
ҰБТ кезінде 470-тен астам ереже бұзушылық анықталды
Қоғам • Кеше
Трамп Ормуз бұғазының ашылғанын мәлімдеді
Әлем • Кеше
Қалада тұрса да, ауылын ұмытпаған кәсіпкер
Қоғам • Кеше
Үкімет цифрлық теңгені кең ауқымда енгізу жоспарын бекітті
Экономика • Кеше
Елордада есірткіге қарсы күрес жаңа форматта насихатталды
Заң мен Тәртіп • Кеше
ҰБТ-да ереже бұзған 176 түлектің нәтижелері жойылды
Білім • Кеше