17 Мамыр, 2011

Түсіністік түбі – татулық

375 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Кеше елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада Мемлекеттік хатшы Қанат Саудабаевтың қатысуымен Қазақстан хал­қы Ассамблеясы Ғылыми-сараптамалық кеңесінің кеңейтілген оты­­рысы өтті. Отырыста Елбасы, Қазақстан халқы Ассам­блея­сының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ҚХА-ның 17 сес­сия­сында берген тапсырмаларына сәйкес,  ғылыми-сараптамалық ке­ңес қыз­метін күшейту, Ассамблеяның этносаралық және кон­фес­сия­аралық қатынастарды зерттеу бойынша арнайы орталығын құру мәселелері талқы таразысына түсті. Отырысқа Ассамблея кеңесі­нің мүшелері, еліміздің орталық мемлекеттік органдарының бас­шы­лары, ғылыми-сараптамалық ке­ңес мүшелері, Парламент де­пу­таттары, этносаралық қатынастар саласындағы жетекші ғалымдар мен мамандар қатысты. Жиын барысында сөз алған Мемлекеттік хатшы Қанат Саудабаев өзінің сөзінде «бүгінгі таңда елімізде Елбасының сенімді стра­тегиялық және қалтқысыз қыз­метінің арқасында  әлеуметтік-эко­номикалық дамудың өзекті мә­селелері шешіліп отырған Қа­зақ­станға қоғамдық даму үде­ріс­терін, оның ішінде этносаралық және дінаралық қатынастарды ғы­лыми тұрғыда сараптаудың ин­новациялық тәсілдері қажет», – деп атап өтті. Оның айтуынша, ғылыми-сараптамалық кеңес және конфессияаралық қатынас­тар­ды зерттеу бойынша құ­ры­латын орталық басқа ғылыми-тал­дау ұйымдарымен бірге  эт­нос­аралық қатынастар саласындағы іргелі, әсіресе, қолданбалы зерттеу жұмыстарын қамтамасыз етуі қажет. «Биыл Қазақстан тәуелсіз­дігіне 20 жыл. Тарих үшін 20 жыл деген қас қағым сәт. Біз осындай қысқа мерзімде өркениетті ел ретінде әлемге танылдық. Қажыр-қайратымыз арқылы жаңа мемлекеттен озық ойлы қоғам құрдық. Осы алға басудың алғышарты халқымыздың сүттей ұйыған бірлігі мен этностар арасындағы ынтымағы. Әлемге Қазақстан халқы Ассамблеясының үлгісімен танылдық. Сондықтан, қалыптас­қан қазақстандық этностық қо­ғамның бүгінгі күнгі дамуын зерделеу, конфессиялық ағымдардың бағыт-бағдарын анықтау, үйле­сім­ділігін алдын-ала болжау жұ­мысын қолға алғанымыз дұрыс. Қоғамдық келісімді сақтап қалу үшін бүгінгі таңда ғылыми негіздемелер мен зерттеулер қажет»,– деді Мемлекеттік хатшы. Отырыс барысында қоғамның интеллектуалдық ауанын қалып­тастырып, ол үшін  этносаралық қатынастарға ғылымның белсенді қатысуын қамтамасыз ету қажет­тігі де атап өтілді. Қатысушылар пікірінше, адамдардың арасын­дағы қатынастарды, яғни этнос­тар арасындағы қатынастармен ұлтаралық келісімді дамыту бағы­тында мұндай орталық ашудың маңызы зор. Қазақстан көп этнос­ты ел. Сондықтан, бұл орталық тіл, дін, мәдениет, рухани сала­ларды жандандыру, әсіресе жас­тарды отаншылдық рухта тәрбие­леу үшін үлкен рөл атқаратын орталыққа айналуы тиіс деген ортақ ойларын ортаға салды жиынға  қатысушылар. Бұл күні ғылыми-сарапта­ма­лық кеңес қызметінің қоры­тын­ды­лары, этносаралық және кон­фес­сияаралық қатынастар са­ла­­сындағы мемлекеттік әлеу­мет­тік тапсырыстар аясындағы ғы­лыми бағдарламалар мен зерттеу жоба­ларын іске асыруда ҚХА-ның министрліктер мен ведомстволармен өзара қарым-қатына­сы мәселелері қаралды. Отырыс соңында мемлекеттік құрылымдар, мүдделі ғылыми және білім беру ұйымдары, эт­номә­дени бірлестіктер үшін ұсы­ныстар қабылданды. Ләйла ЕДІЛҚЫЗЫ.