17 Мамыр, 2011

Өңірдің тыныс-тіршілігімен танысты

510 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Мемлекеттік хатшы Қанат Сау­дабаев Қарағанды облы­сын­да жұмыс сапарымен бо­лып, өңірдің әлеуметтік-эконо­мика­лық даму бағдар­ла­ма­сы­ның іске асырылу барысымен танысты. Бұдан соң кезінде Қарлагтың орталығы болған Долинкадағы бұрынғы әкімшілік үйінің мұ­ра­жайға айналдырылуы ісімен та­ны­суға атбасын бұрды. Саяси қуғын-сүргін құрбандарының ауыр тағ­дырынан сыр шертетін осы орында сталиндік зобалаң­ның қасіретін айғақтайтын сирек жәдігерлер мен құжаттар жинақ­талған. Мемлекеттік хатшы, сондай-ақ облыстық кардиохирургиялық орталық пен жаңа мешіт құ­ры­лысымен танысып, политех­ни­ка­лық колледжде болды. Айқын НЕСІПБАЙ, Қарағанды.