Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің қатысуымен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ президенті Асқар Мамин мен Еуропа қайта құру және даму банкінің президенті Томас Миров қуат үнемдеу саласындағы өзара әріптестік туралы меморандумға қол қойды. Аталмыш құжат ұлттық тасымалдаушының қуат үнемдеу және жанар-жағармайды аз тұтыну арқылы ауаға көміртегі қалдықтарын аз шығару арқылы экологиялық тұрақтылықты сақтау жөнінде ұзақ мерзімді әріптестікті жалғастыруға арналды.
Тараптар инвестициялық бағдарламаны 100-200 млн. АҚШ доллары көлеміндегі қаржымен қамтудың жолдарын қарастырмақ. Негізінен инвестиция жылжымалы құрамның жанар-жағармай шығынын автоматты есептеу жүйесін жасау мен өзге де қуат көздерін іздестіруге арналған. Бұған қоса олар ҚТЖ қуат үнемдеу мен экологиялық талаптарды сақтау мәселесіне қатысты директивалық-нормативтік құжаттарды жасап, қолдану бағытында да әріптестік қарым-қатынас орнатпақ.
Әбдірахман ҚЫДЫРБЕК.
ҚТЖ-ның қуат үнемдеу инвестициялық бағдарламасы биылғы жылдың аяғына дейін түзілмек. Соңғы бірнеше жылдан бері ЕҚДБ «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-пен темір жол инфрақұрылымын ұлғайтуға құны 350 млн. АҚШ долларын құрайтын келісім-шарт жасасқан.