Ресей, Қырғызстан, Моңғолия, Өзбекстан, Тәжікстан, Қытай және Қазақстан елдерінің спортшылары сынға түсті. Сайыстың ашылу салтанатына Олимпиада чемпионы, ҚР еңбек сіңірген спорт шебері Ермахан Ыбрайымов пен КСРО-ның бес дүркін чемпионы Болат Теміров қатысты.
Жарыс қортындысында жалпыкомандалық есепте Қазақстан құрамасы бірінші орынды жеңіп алды. Ресейдің «Ахмад» клубы екінші, қытайлық боксшылар үшінші орын иеленді. Қазақстандық Қайрат Жұманқұлов «Ең үздік төреші» атанды. Ал Қырғызстаннан келген Ақылбек Эсенбекуулына «Ең үздік боксшы» атағы берілді.
Облыстық бокс федерациясының президенті Сәрсенбай Торғаевтың айтуынша, аймақта аталған спорт түрі жақсы дамып келеді. Атырауда халықаралық турнир жыл сайын өтеді. Биылғы додаға сегіз спортшы қатысты.
Бақытгүл БАБАШ,
«Егемен Қазақстан».
АТЫРАУ.