Тау дайындығы орталығының нұсқаушылары мен Қорғаныс министрлігіне қарасты әскери жоғары оқу орнының медицина қызметкерлері акцияның қауіпсіздігін қамтамасыз етті. Құрлық әскерлері институты бастығының орынбасары, полковник Данияр Құдайбергеновтің айтуынша, жорыққа «тәрбие және идеологиялық жұмысты ұйымдастыру» мамандығы бойынша білім алып жатқан курсанттар қатысқан.
Қару асынғанға – қарыз жоқ: Сарбаздарға несие беруге неге тыйым салынбақ?
«Бүгін әскерлердің моральдық-психологиялық жағдайына, әскери ұжымдарда қолайлы ахуал қалыптастыруға және әскери қызметшілердің патриоттық рухын көтеруге жауапты мамандар кәсіби мерекесін атап өтіп жатыр. Болашақ тәрбиеші офицерлерге олардың мамандығы тек білімді ғана емес, сонымен қатар төзімді болуды, командамен бірлесе жұмыс істей білуді және жеке жауапкершілікті талап ететінін көрсету біз үшін өте маңызды», деп атап өтті ол.
Ант беру рәсіміндегі тосынсый: Астанада сарбаз сүйіктісіне ұсыныс жасады
Шыңды бағындыруға Құрлық әскерлері әскери институтынан, Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтынан, ІІМ академиясынан, ҰҚК академиясынан және Шекара академиясынан он курсанттан қатысты. Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының курсанты Дархан Дүйсенбек бұл акция қатысушыларға өз мүмкіндіктерін бағалауға және командалық рухты сезінуге мүмкіндік бергенін айтты.