20 Мамыр, 2011

Экологияны сауықтыру – адамзат парызы

390 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Төрт күнді қамтыған ТМД, ЕурАзЭҚ Парламентаралық Ассамблеяларының және ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясының жоспарланған іс-шаралары өткен сейсенбі күні Санкт-Пе­тербургте Нева халықаралық экологиялық конгресімен қоры­тын­дыланды. Газеттің өткен нөмірлерінде хабар­лан­ғанындай, осы шаралардың барлығына Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджанов бастаған қазақ­стан­дық депутаттар да белсене қатысты. Халықаралық мәртебеге ие бұл форум осымен төртінші рет өтіп отыр. Ал биылғы басқосудың ең басты ерекшелігі, ТМД-ның 20 жылдығына арналғандығында жатыр. «Әлеуметтік-экологиялық салаларды дамытудың иннова­ция­лық механизмдері» тақыры­бын­да­ғы халықаралық экология­лық конгресс жұмысына 25-тен астам алыс-жақын шет елдердің, сондай-ақ бір­қатар халықаралық ұйымдар мен үкі­меттік емес ұйымдардың өкіл­де­рі қатысты. Онда алғаш­қы­лардың бірі болып ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрғали Әшімов сөз сөйледі. Министр Ел­басы Нұр­сұл­тан Назар­баевтың «Қа­зір да­мыта берейік, ал эколо­гиямен содан кейін айна­лы­самыз – фор­му­ласы бой­ын­ша бүгін бірде-бір ел өмір сүре ал­майды» деген сөзін келтіре отырып, эколо­гияны сау­ық­тыруға бай­ла­ныс­ты еліміз та­рапынан қолға алы­нып жатқан жұмыстарға тоқталды. «Алға қойылған міндеттерді шешу үшін Қазақстан Үкіметі «Жасыл ел» бағдарламасын әзір­ле­ді және бекітті, – деді Нұрғали Әшімов осы туралы. – Бағ­дар­ламаның басымдықтары ретінде газдың ауаға таралуын азайту, тұтынылған және өндірістік қал­дықтар проблемасын шешу, су ресурстарын қорғау, қоршаған ор­таға зиян келтіргені үшін са­лын­ған айыппұлды экологияны сауықтыруға жұмсау қарасты­рыл­ған». Министрдің атап өт­кеніндей, Астананың «Жасыл көпір» бастамасы осы жылдың мамырындағы IV Астаналық эко­но­микалық форумына қатысу­шы­лардан бірауыздан қолдау тапты. Сондай-ақ, ол конгреске қатысу­шы­ларды үстіміздегі жылдың қыркүйегінде елордада өтетін VIII Пан-еуропалық қоршаған ортаны қорғау министрлерінің конференциясына шақырды. Жиынның пленарлық отыры­сында Парламент Мәжілісінің Эко­логия және табиғат пайдалану жөніндегі комитетінің төраға­сы Ерлан Нығматулин баяндама жасады. Баяндамасында депутат қатысушыларды елімізде энер­гия­ны үнемді пайдалану бары­сында қабылданған заңнамалар­мен, сондай-ақ әзірленген «Энер­гия үнемдеу туралы» заңның жа­ңа редакциясымен таныстырды. Ондағы мақсат – энергиялық шығынды азайту «Өткен жылы Қазақстан Үкіметі 2020 жылға дейін тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңарту жөнін­дегі бағдарламалық құжат қабыл­дады, – деді Ерлан Нығматулин. – Бұл құжатта жылудың шы­ғынын төмендету үшін тұрғын үйлерді қажетті құрылғылармен жабдықтау, энергия көздерін қайта жөндеуден өткізу, басқа да мәселелер қарастырылған». Парламентаралық ынтымақ­тас­тықты тереңдетуді мақсат еткен Санкт-Петербургтегі алқалы жиын табысты аяқталды. Алдағы уақыттың жоспары белгіленді. Осылайша, парламенттік дипломатия, шын мәнінде, халықтық дипломатия екендігін көрсетті.