04 Маусым, 2011

«Алашшыл жүрек»

319 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Журналист-жазушы Қайсар Әлімнің осылай аталатын кі­табы  жуырда «Фолиант» бас­па­сынан жарық көрді. Кітапта еліміз Тәуелсіздігінің  20 жы­лындағы саяси, әлеуметтік-эко­номикалық және рухани са­лад­ағы жаппай өрлеудің ма­ңызды белестері әр қырынан бедерлі бейнеленген. Тәуел­сіздіктің қа­дір-қасиетін ұлық­тау, оны ны­ғайтып, мәңгілік тұрлаулы ету­дің тиімді жол­дары адам ойы­мен, іс-қимы­лы­мен астас­ты­ры­ла өрілген. Адам. Қоғам. Заман: гүлденуі – Тәуелсіз Қазақ­стан­ның ас­қаралы асуларға  еркін сам­ғауының кепілі екені көр­кем­дікпен пайымдалып, дә­йек­теледі. Алаш арыстары аңсаған тәуелсіздікті баянды етудің жар­қын үлгілері, ата-баба өсие­тіне адалдық, отан­сүй­гіштік қасиет иірімдері жүрек қылын қозғап, сезім тербейді. Мән-мазмұны тәуелсіздік толғаулары аясында  әдіп­тел­ген бұл туынды оқырман­дар­дың ықыласын туғызарына сенім мол. «Егемен-ақпарат».