04 Маусым, 2011

Тәуелсіздік және драматургия

497 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Жақында Л.Н.Гумилев атын­дағы Еуразия ұлттық университетіндегі академик Р.Нұрғали дәріс­ханасында «Тәуелсіздік мұрат­тарын қалыптастырудағы қазіргі қазақ драматургиясының эстети­ка­лық-әлеуметтік функциясы» жо­басы аясында «Р.Нұрғали мұ­расы және қазіргі драматур­гия­дағы тәуелсіздік мұраттары» атты ғылыми семинар өтті. Сондай-ақ ғалымдар, ақын-жазу­шылар, режиссерлер, әртіс­тер және студенттер қатысқан семинарда Р.Нұрғалидың қазақ дра­матургиясын зерделеудегі еңбегі, қазіргі драматургиядағы тәуел­сіз­дік мұраттарының берілуі, замана шындығының бейнеленуі, қазақ және әлем драматургиясы да­муын­дағы сабақтастықтар сияқты келелі әңгімелер қозғалды. Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, жа­зу­шы-драматург Әкім Тарази драма жанрын зерттеудегі Рым­ғали Нұрғалидың үлкен еңбегі туралы айта келе, драматур­гия­ның қазіргі ахуалы, жастардың бұл жанрдағы жаңа ізденістері туралы ой қозғаса, Қ.Қуанышбаев атындағы театрдың директоры Е.Жуасбеков те академик ғалымның драманы зерделеудегі ұлан-ғайыр еңбегін қазіргі драматургияның дамуымен, театр ахуалымен бай­ланыстыра өрбітті. Қазіргі дра­матургияның тәуелсіздік мұрат­тарын қалыптастырудағы рөлі туралы басқа да қаламгерлер жан-жақты айтып өтті. «Егемен-ақпарат».