04 Маусым, 2011

Келісім негізіндегі көмек

336 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақстан бейбітсүйгіш мемлекет және халық­аралық қауымдастық пен Біріккен Ұлттар Ұйымының толық­қанды мүшесі ретінде Ауғанстандағы жағдайды тұ­рақ­тандыруға белсенді қатысады, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі. Өткен жылғы қазан айында Қазақстан Респуб­ли­касы мен Солтүстік атлант ұйымы (НАТО) арасында Ауғанстанның қауіпсіздігіне көмек көрсететін халық­аралық күштер қызметіне Қазақстанның қатысуы туралы келісімге қол қойылған болатын. Аталған келісімнің мақсаты – Ауғанстанның қауіпсіздігіне көмек көрсететін Халықаралық күштер штабы қыз­метіне Қазақстан Республикасы әскери қызметші­ле­рінің қатысуы үшін құқықтық негіз жасау. Осы құжатты негізге ала отырып, Ауғанстанның қау­іпсіздігіне көмек көрсететін халықаралық күштер құра­мы­на жауынгерлік қимылдарға қатыспайтын қазақ­стан­дық төрт әскери қызметшіні жіберуге шешім қа­был­данды. Олар – үйлестіру қызметі, ақпа­рат­тық са­рап­шы, тылдық қамтамасыз ету, денсаулық сақтау және эпи­де­мио­логия офицерлері. Қазақстан­дық әскери қыз­мет­ші­лерді қауіпсіздікке көмек көрсе­тетін Халықаралық күш­тер штабына жіберу Ауған­стан өкіметіне елдегі жағ­дай­ды тұрақтандыруға көмек көрсетуге мүмкіндік береді.