04 Маусым, 2011

Жазғы оқу кезеңі басталды

754 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Қазақстан Республикасының Қа­ру­лы Күштерінде жазғы оқу кезеңі басталды. Қазақстанның барлық гар­низондарында кездесулер өтті. Осы кездесулер бары­сында әскери басшы­лар әскери қызметшілерді даярлық жоспары­мен және оқу кезеңінің тап­сыр­маларымен таныстырды, деп ха­бар­­­лады ҚР ҚМ баспасөз қызметі. Астанада бас әскери ведомствода Қорғаныс министрлігі Штаб­тар бастықтары комитеті төр­ағасының міндетін уақытша атқарушы генерал-майор Нұрлан Жоламанов орталық аппарат офи­церлерінің алдында сөз сөйлеп, армия алдына қойылған барлық міндеттер орындалатынына және әскери қызметшілер өз кәсіби даяр­лығын жоғары деңгейде көр­се­­тетініне сенім білдірді. Соны­мен бірге, ол әскери қызмет­шілерге Қор­ғаныс министрінің 2012 жылға қой­ған тапсырмалары туралы сөз қоз­ға­ды. Осыдан кейін офицерлер әскери қауіпсіздікті, жауынгерлік әзірлік пен Қарулы Күштердің жұмылдырылуын қам­тамасыз ету бойынша кіріспе дәріс­тер тыңдады. Жазғы кезеңнің бірінші апта­сы барысында офицерлер мен жеке құрамның бөлімдер мен құ­ра­маларды жоғары дәрежелі жауын­герлік әзір­лікке келтіру бойынша білімдері мен дағдылары тексеріледі. Кейін жазғы оқу кезеңінде жауынгерлік оқумен байланысты іс-шаралар өткізіледі. Атыс, так­тикалық даярлық, әскери тех­никаны жүргізу бойынша тәжіри­белік сабақтарға ерекше көңіл бөліне­ді. Мақсат – әскердегі жауын­герлік және жедел басқару жүйелерін жақ­сарту. Жазғы оқу кезеңі барысында мау­сымның үшінші онкүндігінде «Шы­ғыс» өңірлік қолбасшы­лы­ғы­ның ай­ма­ғында өткізілетін «Шы­ғыс» жедел-тактикалық коман­да­лық-штабтық оқу-жаттығуы өткізі­ле­ді. Оған Ресей Федерациясы Қару­лы Күштерінің бөлімшелері де қатысады. Ал қыр­күйек айында ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер ай­мағында Ресей өткізетін «Центр- 2011» оқу-жаттығуларына Қазақ­стан Қарулы Күштері тарты­лады. Қарулы Күштерді даярлау жос­парына сәйкес оқу кезеңі қыс­қы және жазғы – екі оқу кезеңі­нен тұрады. Армияда циклды жә­не үздіксіз оқыту жүйесінің бо­луы әскери қызмет­шілердің кәсі­би деңгейін әрдайым жоғарылату және қолдау, даярлау жүйесін жетілдіру, ел әскери қауіп­сіздігін қамтамасыз ету бойынша әс­керлердің жауынгерлік әзірлік са­па­сын көтеру қажеттігінен туын­дайды.