03 Маусым, 2011

Терең тамырлы түсіністік рухында

316 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Қазақстан Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұ­хамед­жанов Чешен Республикасы мен Ингуш Республика­сы­ның парламенттік делегациясын қабылдады, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі. Мәжіліс Төрағасы сөз ба­сын­да Қазақстан мен Ресей ара­сын­дағы қалыптасқан ынтымақтас­тық байланыстың нәтижесін бар­лық саладан көріп отырға­ны­мыз­ды айтты. 2010 жылы екі мемлекет арасындағы сауда айналымы 15 млрд. доллардан асты. Үсті­міздегі жылдың бірінші тоқ­са­нын­дағы нәтиже бойынша алыс-беріс 1,5 есеге өскенін көреміз. Үш ел: Қазақстан, Беларусь және Ресей Кеден одағына бірігіп отыр. Келешекте Бірыңғай эконо­ми­калық кеңістік құрғалы тұр­мыз. Мұндай ықпалдастық үлкен жетістіктерге жол ашатыны сөз­сіз. Сонымен қатар, парламент­ара­лық байланыс та қарқын ала түсуде. Қазақстан Парламенті Ресей Федерациясы Федералды Жи­налысы Федерация Кеңесімен және Мемлекеттік Думамен өзара тығыз байланыс орнатқан. ТМД ПАА, ЕҚЫҰ ПАА, ЕурАзЭҚ ПАА, ҰҚШҰ ПА шеңберінде өте­тін іс-шаралар негізінде ын­ты­мақтаса жұмыс істеп келеді, деді О.Мұхамеджанов. Мәжіліс Төрағасы Қазақстан­ның ішкі және сыртқы саясат­та­ғы ұстанымдары туралы, елдің экономикалық-әлеуметтік дамуы, үдемелі индустриялық-иннова­ция­лық бағдарламасының жүзеге асуы жөнінде әңгімелеп берді. – Үстіміздегі жылы 28 ақ­пан­да Чешен Республикасы президентін сайлау өтіп, онда Рамзан Қадыров жеңіске жетті. Біз чешен халқын осы жеңіспен құт­тық­таймыз, – деді Мәжіліс Төр­ағасы. – Біз Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың чешен елінде үлкен абыройға ие екенін білеміз. Біздің тарихи байланыс­тарымыз тереңде жатыр. Өз кезегінде Чешен Респуб­ли­касы Парламентінің төрағасы, делегация жетекшісі Дукуваха Абдурахманов сөзін Қазақ еліне деген ізгі тілегін білдіруден бас­та­ды. Қазақ халқының қиын күн­дер­де қол созып, шынайы қам­қор­лық жасағанын чешен халқы ешқашан ұмытпайтынын айтты. Рамзан Қадыровтың атынан қазақ халқына ыстық сәлемін жеткізді. Айта кету керек, 2007 жылы Гроз­ный қаласының көрікті бір көшесіне Қазақстан Респуб­ли­ка­сының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі берілді. Қа­зақстан басшысының бастамасы­мен Грозный қаласының орталық алаңында көп қабатты тұрғын үй салынды. Ол ресми түрде «Қа­зақ-чешен достығы үйі» деп ата­лады. Алайда, Дукуваха Абдурахманов өз сөзінде бұл үйді жергілікті тұрғындар «Қазақтар үйі» деп құрметпен атайтынын жеткізді. Сонымен қатар, Чешен елінің бастамасымен Грозный қаласын­да­ғы №1 лицейге Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі берілді. Аталған лицей – республикадағы тарихы мол және өте танымал білім ордасы. Қа­зақстан Президенті атынан лицейге «Ford» шағын автобусы, қазіргі заманғы компьютерлік сы­нып жабдықтары табыс етілген. Мәжіліс Төрағасы кездесу со­ңында Грозный қаласындағы Қазақ­стан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев атындағы №1 лицейге суретші Ермековтің «Іле Ала­тауы» атты картинасын, Қазақ­стан және Мемлекет басшысы, елдің жетістіктері туралы құнды кітаптарды табыс етуді мей­мандарға аманаттады.