03 Маусым, 2011

Фракция төралқасының кезекті отырысы

383 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
«Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының Парламент Мәжілісіндегі фракциясының жетекшісі Орал Мұ­хамед­жановтың төрағалығымен фракция төралқасының оты­рысы өтті. Отырыста күн тәртібіне сәйкес, депутаттар – фракция мүшелерінің республика өңірлерінде атқарған көшпелі жұмыстарының қорытындылары, сондай-ақ «Нұр Отан» ХДП фракциясының IV сессияға арналған іс-шаралар жоспарының орындалу барысын қарады, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі. Биылғы жылғы 25 сәуір мен 5 мамыр аралығында Парламент Мәжілісінің депутаттары – «Нұр Отан» ХДП фракциясының мү­ше­лері Қазақстан Респуб­ли­ка­сы­ның Президенті, Ұлт Көш­бас­шысы, «Нұр Отан» ХДП Төр­ағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашақтың іргесін бірге қа­лай­мыз» атты Қазақстан халқына Жолдауында, партияның ХІІІ съезінде, ұлықтау рәсімінде, Үкі­меттің 2011 жылғы 17 сәуірдегі кеңейтілген жиналысында және Қазақстан халқы Ассамблея­сы­ның 17-ші сессиясында сөйлеген сөздерінен туындайтын ауқымды міндеттерді халыққа түсіндіру мақсатында республика өңір­ле­рінде болып қайтты. Бекітілген кестеге сәйкес, көш­пелі жұмыс шеңберінде депутаттар 460-тан астам елді мекенге барып, 99 мыңнан аса адам қатысқан, 807 кездесу өткізді. Түсінік жұмыстарына халықтың бүкіл топтары – соғыс және ең­бек ардагерлері, зейнеткерлер, кә­сіп­орындардың жұмысшылары мен инженерлік-техникалық құ­рамы, бюджет саласы қызмет­кер­лері, мемлекеттік қызметкерлер, жоғары оқу орындары мен кол­ледж­дердің студенттері, мектеп оқушылары, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, мәслихат депутаттары, «Нұр Отан» ХДП өңірлік және аумақтық филиал­да­ры­ның басшылары мен партия­ның қатардағы мүшелері, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қамтылды. Өткізілген кездесулер бары­сын­да Президенттің биылғы Жол­дауы «Қазақстан-2030» Страте­гия­сының, Қазақстан Республи­ка­сын 2020 жылға дейінгі да­мы­тудың страте­гия­лық жоспарының логи­ка­лық жалғасы болып табы­ла­тын­дығы жә­не бұл құжат елді одан әрі үде­мелі индустриялық-инновация­лық дамытуды, сон­дай-ақ әрбір қа­зақ­стандықтың өмі­рін сапалық жағы­нан жақсар­татын барлық жағдай­лар­ды жа­сау­ға ба­ғытталған жаңа әлеу­меттік сая­сатты жүргізуді өзі­нің мақсаты етіп белгілейтіндігі атап көрсетілді. Көшпелі жұмыс барысында азаматтарды партияның қоғам­дық қабылдаулары жағдайына ай­рықша көңіл бөлінді. Осы ара­лықта депутаттар азаматтардың 1450-ден аса арыз-өтініштерін қарады. Кездесулер барысында сайлаушылар қой­ған проблемалы мәселелер депутаттар тарапынан бақылауға алынды. 2011 жылғы 12 және 18 мамырда өткен Парламент Мәжі­лісінің жалпы оты­рыс­тарының өзінде Үкімет бас­шылығының жә­не тиісті мемлекеттік органдардың лауазымды тұл­ғаларының атына 50 депу­таттық сауал жолданды. Бір­қатар мәселелер орнында шешілді. Депутаттардың тұрғындармен жүргізген жұмысы «Нұр Отан» ХДП өңірлік филиалдарымен ты­ғыз қарым-қатынаста ұйымдас­ты­рылды.