04 Маусым, 2011

Халықаралық жобалар қарқыны

419 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Сенаттың Аграрлық мәселелер және қоршаған ортаны қорғау коми­те­тінің төрағасы Болат Жылқышиев пен Израильдің СІМ жанындағы МАШАВ халықаралық ынтымақтастық­ты дамыту агенттігінің халықаралық жо­баларды ілгерілету департаменті­нің директоры Ефраим Бен Мати­тьяу­дың кездесуінде Қазақстан мен Из­раильдің ауыл шаруашылығы сала­сын­дағы екіжақты әріптестігін дамы­ту мәселелері талқыланды. Б.Жылқышиев Қазақстанның аг­ро­өнеркәсіптік кешені алдында тұр­ған міндеттер туралы хабардар етіп, ауыл шаруашылығы саласын одан әрі дамытуды қамтамасыз ететін заң­на­ма­лар туралы әңгімеледі. Израиль тә­жірибесін пайдалануға Қазақстан та­рапының мүдделілігі туралы айта келіп, сенатор құс өсіру, тамшылатып суа­ру, жылыжай шаруашылығын дамы­туда осы заманғы технологиялар та­быс­ты қолданылып келе жатқанын атап өтті. «Бізде ауыл шаруашылығындағы ынтымақтастықты күшейту, бірлескен жобаларды жүзеге асыруда саланы жаңғырту, инновацияны енгізу үшін зор мүмкіндіктер бар», деп атап өтті Б.Жылқышиев. Израиль жағы ауыл ша­руашылығының дамыған оқу ор­та­лықтарын құру, Алматы маңында жаңа технологияларды таныстыру алаңда­рын жасау туралы ниеттерін білдірді. Депутаттар С.Плотников, Ж.Нұр­ға­лиев қатысқан кездесу барысында мелиорация кешенін дамыту, инфра­құ­ры­лымдар жасау мен ауыл шаруа­шы­лығы өнімдерінің рыногын өркендету жө­ніндегі бірлескен жұмыстардың жо­ба­лары талқыланды, деп хабарлады Парламент Сенатының баспасөз қызметі.