07 Маусым, 2011

Ұстаз атындағы олимпиада

760 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Шығыс Қазақстан облыстық ғы­лы­ми-тәжірибелік «Дарын» орталы­ғы­ның ұйымдастыруы­мен қа­зақ тілі мен әдебиеті пәнінен оқушылардың Қанипа Бітібаева атындағы аймақ­тық олим­пиада­сы осымен 8-ші рет өтіп отыр. Тәуелсіздіктің 20 жылдық мерей­тойы­на арналған олимпиадаға Астана, Ал­ма­ты, Павлодар, Қарағанды қалалары­нан кел­­ген 120 оқушы қатысты. Олимпиада тұ­сында ұстаз республикалық ғы­лы­ми-әдісте­ме­лік зертханасында «Оқу­шы­ларды олим­пиа­даға, ғылыми-зерттеу жұ­мы­сына баулу» тақы­рыбында шеберлік класын өткізді. Оған 50-ге жуық ұстаз қа­тысты. Биылғы жылдың өзінде еңбек­қор ұстаз­дың алдынан 300-дей мұғалім дәріс тыңдап, білімдері мен тә­жі­рибелерін жетілдіргенін де айта кеткен жөн. Олимпиада қорытындысында бас жүлдені Астана қаласындағы №38 мек­теп-лицейінің оқушысы Ерденбек Ер­кеғали жеңіп алды. Айымгүл СЕЙПУТАНОВА, филология ғылымдарының  кандидаты. Өскемен.