Жуырда ғана Түркия елінің қошеметін көріп қайтқан Қазақтың Мұхтар Әуезов атындағы академиялық драма театры ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай Астана қаласына гастрольдік сапармен аттанғалы отыр.
Сонымен Астана көрермендері Қ.Ысқақ пен Шахимарденнің «Қазақтар» тарихи драмасын (реж. Тұңғышбай әл-Тарази), Б.Жәкиевтің «Жүрейік жүрек ауыртпай» драмасын (реж. Е.Обаев), М.Әуезовтің «Абай» трагедиясын (реж. Е.Обаев) К.Байсейітова атындағы опера және балет театрының ғимаратында тамашаламақ.
Айнаш ЕСАЛИ, Алматы.