Көркем Баянауылда математика, физика, химия және биология пәндері бойынша жалпы білім беретін мектептердің 7-8 сынып оқушыларына арналған Қаныш Сәтбаев атындағы бірінші облыстық олимпиада аяқталды. Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай ұйымдастырылған бұл олимпиаданың мақсаты – талантты оқушыларды қолдау. Олимпиадаға өз елімізден және көршілес Ресейдің қалаларынан келген 130 оқушы қатысты. Сын барысында жүлдегерлерге «Жас Сәтбаев» құрметті атақтары берілді. Бірінші орынды Павлодардағы Абай атындағы № 10 лицей-мектебі иеленді. Олимпиада соңында «Жас Сәтбаев» атанған жүлдегерлер әсем Баянауылға саяхат жасады. Фарида БЫҚАЙ, Павлодар облысы.
Егемендікті нығайтудағы кешенді тәсіл
Ата заң • Кеше
Ата заң • Кеше
Күзет қызметін бақылау комитетінің төрағасы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Азаматтардың 78%-дан астамы жаңа Конституцияны қолдайды
Ата заң • Кеше
Сот әкімдікке арнайы өтініш жасады
Аймақтар • Кеше
Астанада екі қабатты ғимараттың шатыры жанып жатыр
Оқиға • Кеше