«Егемен Қазақстан» республикалық газеті» акционерлік қоғамы 2011 жылғы 8 маусым күні «Қазақ журналистикасы және Интернет» деген тақырыпта «Дөңгелек үстел+тренинг» форматында іс-шара өткізеді.
1-бөлімде жалпы журналист қызметіндегі Интернеттің маңызы мен қазақша интернеттің мәселелері талқыланбақшы.
2-бөлімде блог ашу, «Фейсбук», «Твиттер» әлеуметтік желілерінде тіркелу және оларды пайдалану нақты іс жүзінде көрсетуге арналған семинар-тренинг өткізілмекші.
Екі бөлім арасында қатысушыларға кофе-брейк ұйымдастырылып, бейресми талқылаулар болады.
Уақыты 9:30-13:00
Өтетін орыны: Астана қаласы, «Егемен Қазақстан» газеті» көшесі, 5/13 үй (бұрынғы Ломоносов көшесі, 45-үй)
Телефондар: +7-7172-376074, +7-701-2774035, +7-777-9524064
Электрондық пошта: info@egemen.kz