07 Маусым, 2011

Батыр атындағы саябақ

597 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Жақсылықтың бәрі бала­ларға жасалсын деген қағида бүгінде жалғасын тауып отыр. Панфилов ауданында бүлдір­шіндер мен жастарға тамаша тарту ретінде «Жастар» сая­бағы күрделі жөндеуден өткі­зіліп, «Жол картасымен» бө­лін­ген 162 млн. теңге толық игерілді. Қуаныштысы – сая­бақ­қа Бөлек батырдың есімі беріліп, Ел Тәуелсіздігіне ар­нал­ған мәдени шаралар осы жерден бастау алып отыр. Ерте көктемде жас көшет­тер отырғызылып, жолға плит­калар төселген. Саябақтың ашылуына халық көп жина­лып, Жаркент қаласының тұр­ғындарына керемет демалыс сыйлады. – Саябақта бір кездері демалып, таза ауа жұтып өсіп едік. Енді балаларымыз бен немерелеріміз келді. Бұл – ба­ла­лардың өмірі мен ден­сау­лы­ғына деген тамаша сыйлық. Олар осында қыдырады, уа­қыт­тарын көңілді өткізеді, – дейді Жаркент қаласының тұр­ғыны Ұлжан Сауранбаева. Бүлдіршіндер де ән салып, би билеп, өздерінің де, ата-аналарының да көңілін кө­тер­ді. Жаңарған саябақ қо­ғам­дық-мәдени шаралардың ор­та­сына айналатынын жиынға қатысқандар бірауыздан жеткізіп жатты. Жергілікті кәсіпкерлер би ала­ңын ашып, роликтермен сыр­­­ғанайтын орын салуды жоспар­лаған. Саябақта серуен құрып қана қоймай, мәдени-көпшілік ша­раларды да ұтымды ұйым­дас­тыруға мүмкіндік мол. Күмісжан БАЙЖАН, Алматы облысы.