07 Маусым, 2011

Сындарлы сынақ мектеп бітірушілердің білім деңгейін анықтайды

397 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Оқушылардың он бір жыл бо­йы алған білімін сындарлы сы­нақ­қа салатын Ұлттық бір­ыңғай тест 4 маусым күні бас­талған еді. Биыл Отанымыз бо­йынша мектеп бітіріп жатқан 160 201 оқушының 129,471-і ҰБТ бойынша емтихан тап­сыру­ға өтініш берген болатын. Олардың 85 372-і қазақ тілінде, 44 099-ы орыс тілінде білім ал­ған­дар. Тестілеу еліміздің 49 қа­ла­сы мен 105 аудан орталық­та­рын­да орналасқан пункттерде 4-10 маусым аралығында өткі­зіл­генін назарға сала кетсек дейміз. Тестілеу алғашқы күні 48, ал екінші күні 63 пунктте болды. Осы екі күнде 48 053 мектеп бітіруші сынақ тапсырды. Тағы бір еске салатын нәрсе, түлек­тер ма­ман­дықтар бойынша кемінде 50 балл жинауы тиіс. Сонда ғана олар білім грантын алатын рес­публикалық конкурс­қа қатыса алады. Білім және ғылым министрі Ба­қытжан Жұмағұлов Алматы қа­­ласында Ұлттық бірыңғай тесті­­нің жұмысымен танысып, сынақ­қа қатысып отырған тү­лек­терге сәттілік тіледі. Ол сонымен қа­тар, биыл ҰБТ-ның көп өз­геріске ұшырамағанын, тек 1500 сұрақ­тың мазмұнына сай болма­ған­­дық­­тан жойылғанын айтып, соң­ғы кездері емтиханның бұл түрі­не жұртшылықтың ден қоя баста­ға­нын тілге тиек етті. Өткен екі күнгі сынақтың нә­тижесіне қарағанда, көрсет­кіш жа­ман емес секілді. Дегенмен, 4 661 мектеп бітіруші шекті дең­гейден өте алмай қа­лыпты. Ал ең жоғарғы 125 балл алғандар да бар көрінеді. Сүлеймен МӘМЕТ.