07 Маусым, 2011

Күн тәртібі бекітілді

316 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Кеше Парламент Сенатының Төрағасы Қайрат Мәмидің төрағалық етуімен өткен жоғарғы палатаның бюро отырысында Мәжілісте мақұлданған заң жобаларын одан әрі қарастыру үшін негізгі комитеттер белгіленді, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі. Бюро отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заң­на­ма­лық актілеріне құқық қорғау қызметін жетілдіру және қыл­мыс­тық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелері бойынша өз­герістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы Заңнама және құқықтық мәселелер комитетіне берілді. Ал «Халықтың көші-қоны туралы» және «Қазақстан Респуб­ликасының кейбір заңна­ма­лық актілеріне халықтың көші-қоны мә­се­лелері бойынша өзге­ріс­тер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобалары Әлеу­мет­тік-мәдени даму комитетіне тапсырылды. Бюро отырысында сондай-ақ палатаның 9 маусымда болатын кезекті жалпы отырысының күн тәртібін қалыптастыру жөніндегі комитеттердің ұсыныстары тал­қы­ланды. Алдағы жалпы оты­рыста Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта құру және даму банкі арасындағы Қа­рыз туралы (Техникалық және кә­сіптік білім беруді жаңғырту жо­басы), зияткерлік меншік құ­қықтарын сақтау және қорғау са­ласындағы бірыңғай реттеу қа­ғидаттары туралы, Қазақстан мен Солтүстік Алтант Шарты Ұйымы арасындағы Ауғанстандағы қау­іп­сіздікке жәрдемдесу халық­ара­лық күштерінің қызметіне қатысу туралы ноталар алмасу ны­са­нын­дағы келісімдерді ратификациялау туралы заң жобалары қаралады. Сонымен қатар, Қазақстан мен Ресей арасындағы «Байқоңыр» ке­шенін жалға беру шартына өз­геріс енгізу туралы үкіметаралық хаттаманы жалға беру шартына өзгеріс енгізу туралы, Кеден ода­ғы шеңберіндегі даулар бойынша шаруашылық жүргізуші субъек­ті­лердің Еуразиялық эконо­ми­ка­лық қоғамдастықтың Сотына жү­гінуі және олар бойынша сот ісін жүргізу ерекшеліктері туралы шарт туралы құжаттарды қарау көзделіп отыр. Депутаттар сондай-ақ еліміз­дің кейбір заңнамалық актілеріне уәкілетті мемлекеттік органдар мен Қазақстан Республикасы Үкі­метінің тексерілетін субъек­ті­лерге қойылатын талаптарды бел­гілейтін нормативтік құ­қық­тық актілерді қабылдау құзы­рет­терін қайта қарау, сондай-ақ рұқ­сат беру жүйесін жетілдіру мә­се­лелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобалары бойынша келісу ко­миссияларының жұмыс нәти­же­сін қарайды.