08 Маусым, 2011

Бір күнде екі балалар бақшасы есік ашты

315 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Елбасының тапсырмасымен өмірге келген «Балапан» бағдар­ламасы мұнайлы өңірде жүйелі түрде жүзеге асып, көпшілік кө­ңілінен шығып келеді. Олай дейтініміз, облыста биылғы мерекелі жылы бүлдіршіндерді бала­ба­қ­шамен қамтуды 100 пайызға жет­кізу межеленіп отыр. Осынау уә­де үдесінен көрінудің бір дәлелі, жуырда бір күнде екі балабақ­ша­ның есіктерін айқара ашуы бол­ды. Бір атап айтарлығы, Ақшұ­қыр ауылындағы 140 орындық «Бәй­терек» атты әсем бала­бақ­ша­ны салуға Түпқараған ауда­нын­дағы мұнай компаниялары бір­лесе қар­жы аударыпты. Және олар бүл­діршіндердің жан-жақ­ты болып өсуі үшін қажетті құ­рал-жаб­дық­тар сыйлап, му­зы­ка­лық және спорт залдарын заман талабына сай жабдықтауға да кө­мек­тескен. Ал Мұнайлы ауда­нын­дағы Қы­зылтөбе-2 ауылында 280 ор­ын­дық «Балбөбек» бала­бақ­ша­сының ашылуы көпшілікті қуа­ныш­қа бөледі. Екі салтанатты сәт­ке де облыс басшылары қа­ты­сып, бүлдіршіндерге сый-сияпат жа­сау­лары да құптарлықтай болды. Жоламан БОШАЛАҚ. Маңғыстау облысы.