Әдебиет • 03 Мамыр, 2017

Қос тілде қатар жырлаған

140 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Хуршид Қошқаров − Оңтүстік Қазақстан об­лы­сы­­ның тумасы. Ол аталған өңір­­дің Сайрам ауданындағы өз­­бек отбасында өмірге келген. Көп жылдан бері Шым­кент қаласында шығатын рес­пуб­ликааралық «Жанубий Қо­зағистан» газетінде еңбек етеді.

Қос тілде қатар жырлаған

Отандасымыздың бір ерек­шелігі – өзбек және қа­зақ тілдерінде өлең жа­за­тын­ды­ғы. Оның туындылары мер­зімді баспасөз беттерімен қа­тар, Ташкентте шыққан ұжым­дық жинақтарда да жа­рық көріп келеді.


МАХАББАТ

Бар еркімнен айырдың,

Арман болған махаббат.

Шипасы сен жанымның,

Дәрмен болған махаббат.

Шөліркеген көңілдің,

Өзің бастаң сусауын.

Бар қызығы өмірдің –

Алаулаған гүл бағым.

Жасыл сайдың бойында,

Жарым болып жолықтың.

Шын бақыттың жайына,

Сен арқылы қанықтым.

Сенсіз, сірә, өмірде,

Жана алмадым лапылдап.

Салсаң-дағы сан күйге,

Кете алмадым, махаббат.


АТАЖАНЫМ

Жүзіңдегі әжімің,

Өткен жылдар белгісі.

Шаштағы ақ тағдырдың,

Нар салмағы секілді.

Сізден тарап жол ізгі,

Адалдыққа бастайды.

Дария суы сіздегі,

Сауапты істен аспайды.

Құрмет пен қадірдің

Жеткен жансыз шыңына.

Айналғансыз Тәңірдің,

Сүйген нағыз құлына.

Жылдар өтіп, жыл келер,

Болашақ таң тұр күтіп.

Перзенттерің есейер,

Жақсылыққа ұмтылып.


ҰЛЫМА СЫР

Мен, сірә, күту үшін жаралғанмын,

Ішімде жатыр бұлқып бар арманым.

Сен, ұлым, әз басыңды көтеріп жүр,

Тірлікті мен өзімше амалдармын,

Осыны ескертейін саған, жаным.

Заманның ырқын ойла, жат санама,

Уақыттан озып келіп бақ қона ма?

Көзіңе көңілім үшін жас бұлама,

Тірлікті мен өзімше амалдармын,

Осыны ескертейін саған, жаным.

Хал-жайды кімге айтып, шағынайын,

Жетеді оған сенің ақыл-ойың.

Қанша екен бұл өмірде татар дәмім,

Тірлікті мен өзімше амалдармын,

Осыны ескертейін саған, жаным.

Жұрт білмеген сырымды сен аңғарғын,

Жамандыққа, әйтеуір, бұрма, жаным.

Қай тұсқа келгенімді білмей далмын.

Тірлікті мен өзімше амалдармын,

Осыны ескертейін саған, жаным.


САБЫР БЕРШІ, ӨМІРІМ

Көңілім менің толмай тұрса,

Өмірім, маған сабыр бер.

Жылы жүздер нұр қимаса,

Өмір, маған сабыр бер.

Әр күніме арзу еттім,

Шайқалардай төзімім.

Тағдырыммен ерегістім,

Сабыр берші, өмірім.

Өмірімнің алдын шалып,

Озғанымда не көрдім?

Құзырында болдым ғаріп,

Оны, сірә, елер кім?

Үстемдігің жанымды езді,

Тосқау болмас қиялға өр.

Тағдыр ісін көзім көрді,

Өмір, маған сабыр бер.



Соңғы жаңалықтар