Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының мерейтойлық саммиті мен ҚХР төрағасы Ху Цзиньтаоның Қазақстанға ресми сапары аясында ашылған көрмеге Қытай суретшілері мен осы елге сыйға тартылған Қазақстан қылқалам шеберлерінің шығармалары қойылған. Шараның ашылу рәсіміне ҚР бірінші Вице-премьері Өмірзақ Шөкеев, Мәдениет министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед, Қытай жағынан осы елдің Мемлекеттік кеңесінің мүшесі Дей Бинго, ҚХР-дың Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Чжоу Ли қатысты. Көрмеге келушілер Қытай елінің көркемсурет өнерінде елеулі орын алатын ірі тұлғалардың «гохуа», «гохуа» мен «майлы бояудағы сурет» стильдерін араластыра отырып орындаған туындыларын тамашалады. Бұл суреттерде табиғи ландшафт пен пейзаж жанры, таулардың, құстардың, жануарлардың неше түрі бейнеленген.
Осы күні ҚХР Халықаралық қорының басшысы Чжан Дэгуан Қазақстанның бірнеше суретшісіне екі ел арасындағы достықтың белгісі ретінде Ақтоты Қолқақызы, Лаура Оразбекова, Марат Тоқсейтов, Қалиолла Ахметжанов, Сенбіғали Смағұлов секілді белгілі қылқалам шеберлеріне кубок табыс етті. Ал К.Байсейтова атындағы Ұлттық опера және балет театры директорының орынбасары Дүйсен Мұсабеков пен Әбілхан Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейінің директоры Бақыт Серәлиев Қытайдың Ма Жунь, Чжон Лижэнь, Ван Гуаң, Яжэн Бэо, Дай Чао, Ма Вэй, Янь Шугуан сияқты суретшілерін дипломмен марапаттады.
Бір айта кететін жәйт, көрме 15 маусымға дейін жалғасады. Осы күндері көрмеге келушілер Марат Тұқсайытов, Төлеуғазы Байғалиев, Қалиолла Ахметжанов, Владимир Проценко, Сенбіғали Смағұлов, Ерлан Айтуаров және басқа да танымал отандық суретшілердің шығармаларын да тамашалай алады.
Дастан КЕНЖАЛИН.

Сарапшылар қауымдастығы жаңа Конституция жобасының негізгі ережелерін талқылады
Ата заң • Бүгін, 18:50
Егемендікті нығайтудағы кешенді тәсіл
Ата заң • Бүгін, 17:55
Жазушы Смағұл Елубаев жаңа Ата заңның халыққа жақындай түскенін айтты
Ата заң • Бүгін, 17:18
Роза Рымбаева ел тұрғындарын референдумда дауыс беруге шақырды
Ата заң • Бүгін, 17:01
Қазақстан құрамасы фристайл-акробатикадан Олимпиаданың финалында сынға түсті
Олимпиада • Бүгін, 16:48
Тұңғышбай Жаманқұлов: Мемлекет пен халық үшін жаңа Конституцияның мәні зор
Ата заң • Бүгін, 16:30
Үш қазақстандық гимнаст Әлем кубогы кезеңінің финалына шықты
Спорт • Бүгін, 15:55
Ата заң • Бүгін, 15:35
Президентке қасиетті Рамазан айының басталуына орай құттықтау жеделхаттары келіп түсті
Президент • Бүгін, 15:10
Күзет қызметін бақылау комитетінің төрағасы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 14:42
Азаматтардың 78%-дан астамы жаңа Конституцияны қолдайды
Ата заң • Бүгін, 14:28
Сот әкімдікке арнайы өтініш жасады
Аймақтар • Бүгін, 13:39
Қостанайда терроризм актісі туралы жалған ақпарат берген жасөспірім жауапқа тартылды
Оқиға • Бүгін, 13:20
Астанада екі қабатты ғимараттың шатыры жанып жатыр
Оқиға • Бүгін, 13:00