15 Маусым, 2011

Әртүрлі мәселелерді талқылады

660 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Астанаға мемлекеттік сапармен келген Қытай Халық Республикасының Төрағасы Ху Цзиньтаомен келіссөздер жүр­гі­зіп, екіжақты байланыстың әртүрлі мәселелерін талқылады. Кездесу барысында экономи­ка­ның шикізаттық емес сала­сын­дағы, агроөнеркәсіптік кешендегі және энергетикалық ресурстарды қайта өңдеу және тасымалдау са­лаларындағы бірлескен жоба­лар­ды іс жүзіне асыру мәселелері сөз болды. Сонымен бірге тараптар сауда, инвестициялық, көлік транзиттік, шекаралық байланыс­тар­ды дамыту үдерістерін, соны­мен бірге трансшекаралық су көз­дерін пайдалану мақса­тын­да­ғы өзара іс-қимыл  шараларын тілге тиек етті.