Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев кеше БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунға жеделхат жолдап, онда Астананың аталған әмбебап ұйымның одан әрі дамуын көрсететін тұжырымдамалы қадамдары туралы айта келіп, өзінің іс басындағы Бас хатшының жаңа мерзімге өкілеттілігі кандидатурасын қолдайтынын білдірді, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі.
Президент өзінің жеделхатында БҰҰ-ның халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті ұстап тұрудағы шешуші рөлін, дамуға, адам құқын сақтауға және халықаралық құқыққа құрметіне ықпалын, осы істерге БҰҰ Бас хатшысының қосып отырған сүбелі үлесін атап өтті.
Қазақстан Президентінің пікірінше, БҰҰ бүгінде жаһандық қатынастарды реттеудің баламасыз құралы болып табылады. Бұл Қазақстанның БҰҰ аясындағы халықаралық көкейкесті мәселелерді шешудегі күш-жігеріне белсенді қатысуын айқындайды. Осыған байланысты Н.Назарбаев Пан Ги Мунның БҰҰ-ның тиімділігін жоғарылатудағы, қазіргі заманғы қауіптер мен қатерлерді реттеудегі күш-жігеріне табыс тіледі.
Мемлекет басшысы сондай-ақ Қазақстан мен БҰҰ-ның көпқырлы ынтымақтастығына жаңа сапалық серпін қосқан Пан Ги Мунның 2010 жылдың сәуіріндегі Қазақстанға «тарихи» сапарының қорытындыларын жоғары бағалады.
Сіздің өз кандидатураңызды БҰҰ Бас хатшысының жаңа мерзіміне ұсыну ниетіңізді үлкен қанағаттанарлық сезіммен қолдаймын, деп атап өткен Н.Назарбаев өз жеделхатының қорытындысында.