16 Маусым, 2011

Оқу мен тәжірибе

357 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Бүгінде өндірісте техникалық мамандық иелеріне сұраныс өте жо­ғары. Әсіресе, өндіріс орын­да­ры­на теориялық білімін іс жүзін­дегі тәжірибемен ұштастырған жас мамандар керек-ақ. Қ.Сәтбаев атын­дағы ҚазҰТУ оқу бағдарламаларын жүзеге асыру барысында осы мәсе­леге зор көңіл бөліп келеді. Бұл бағыттағы жұмыстарды жақсарта түсу мақсатында университетте ин­дустриалды-кеңестік комитет құры­лып, оның алғашқы отыры­сына университет басшылары және қа­зақ­стандық бірнеше компаниядан келген өкілдер қатысты. Отырысты ашқан университет ректоры, профессор Ж.Әділов білім беру ісінің өндірістегі үдерістен ал­шақтап кетпеуі үшін университетте білім беру сапасын жақсарту мен ғылыми жұмыстарды жетілдіре түсу бағытында атқарылған іс-ша­ра­ларға, оқу орнының қол жеткізген табыс­тарына және іс бары­сын­да кездескен қиындықтарға тоқта­лып, оларды ше­шу­дің тиімді жол­дары қарастырылып жатқанын жеткізсе, компания өкіл­дері ректорға осы мәселелер төңі­регінде өздерін қызықтырған сауал­дарын қойды. Келесі кезекте олар ҚазҰТУ-мен өз компаниялары ара­сында қандай іскерлік байланыс ор­натуға болаты­нын айтып, ұсыныс­тарын жеткізді. Олардың көпшілігі ҚазҰТУ-мен ты­ғыз қарым-қатынас орнатуға да­йын екендіктерін білдірді. Яғни, көп­теген компанияларда университет студенттерінің өндірістік тәжі­рибеден өтулеріне мүмкіндік зор. Компания өкілдерінің білікті ма­ман­дары мен ғалымдары университет шәкірттері мен оқытушыларына дә­ріс оқып, тәжірибелерімен бөліс­се, білікті маман даярлауда мұның көп пайдасы боларын айтты. Екі жақ та осы мәселелерді егжей-тегжейлі қа­рас­тыруды жақын арада қолға алмақ. Бір айта кететін жәйт, индус­триалды-кеңестік комитеттің мұн­дай отырысы алдағы уақытта жы­лына екі рет өткізіледі деп жоспар­ланып отыр. Гүлзейнеп СӘДІРҚЫЗЫ.