17 Маусым, 2011

Азаматтық алғандар қатары арта түсуде

262 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Ақордада Мемлекеттік хатшы Қанат Саудабаевтың төрағалық етуімен Президенттің жанындағы Азаматтық беру мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы болып өтті. Отырыста Қазақстан азамат­ты­ғын алғысы келген адам­дар­дың өтініштері қаралды. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қол қойғаннан кейін Комиссияда өтініштері қаралған 23 мың­нан артық адам Қазақстан аза­мат­тығын алатын болады. Түскен өтініштердің арасында ТМД елдерінен ғана емес, алыс  шет елдерден келген адамдардың да есімдері көп. Осы мәселелер ту­ра­лы Мемлекеттік хатшы өз ойын былай қорытты: – Біздің еліміздің азамат­ты­ғын алуға әлемнің көптеген елдерінен өтініштер түсуінің өзі – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жүргізіп отырған дұрыс сая­са­ты­ның арқасында Тәуелсіздігін ал­ған 20 жылда Қазақстанның әлеу­меттік-экономикалық және қо­ғам­дық-саяси жетістіктерінің мой­ындалғанын көрсетеді. Біз Аста­на күні қарсаңында азаматтық алған жаңа отандастарымызды қуа­ныш­пен құттықтап, оларға ден­саулық, табыс және жаңа Ота­нының кемел келешегі үшін жемісті еңбек етулерін тілейміз. Олардың ата-бабалары мекеніне тезірек бейімделуін қамтамасыз ету мәселелерін жылдам және ұйымдастырушылықпен шешу енді жауапты мемлекеттік орган­дардың міндеті. Айта кететін дерек, Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан бері жал­пы саны 700 мыңнан артық шетел азаматтары өз ынтасымен Қа­зақстан азаматтығын алған. Со­ның басым бөлігі соңғы жыл­дар­дың үлесіне тиеді екен. Жақсыбай САМРАТ.