Кеше Парламент Сенаты Төрағасының орынбасары Александр Судьин бастаған жоғарғы палатадағы «Өңір» депутаттық тобының мүшелері Ақмола облысындағы Ақкөл балалар үйінің «Рассвет» сауықтыру орталығында болды.
Сенаторлардың балалар үйі тәрбиеленушілерімен дағдыға айналған кездесуі Сенатта бірнеше жыл қызмет етіп келе жатқан депутаттық құрылымның жұмыс жоспары аясында өтті.
Жазғы лагерьде болған кезінде депутаттар демалыстағы тәрбиеленушілер жағдайымен бірге, балалардың денсаулығын нығайту бағдарламасымен де танысты.
Кездесу соңында балаларға компьютерлік сыныпқа арналған жабдықтар тарту етілді, деп хабарлады Парламенті Сенатының баспасөз қызметі.