25 Маусым, 2011

Әлем жұлдыздары Астанаға келеді

307 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Дүйім жұрттың басын қо­сып, елорданы дүбірлі думанға бөлей­тін Астана күні биыл да мәдени ша­раларға кенде бол­май­тыны бел­гілі. Солардың бірі елорда күніне орай осымен екінші рет өткізілгелі отыр­ған халықаралық экшн-фильм­­дер кинофестивалі. Атал­мыш фес­ти­вальдің ашылу салтанаты «Бей­бітшілік және келісім» са­ра­­йында шілденің бірінде өт­пек. Бұл жайында Астанада БАҚ өкілдеріне арналған баспа­сөз мәслихатында фестиваль­дің медиа директоры Ләззат Көк­көзова мәлім етті. Белгілі режиссер Тимур Бек­­мамбетовтің бастамашы бо­луы­­мен кино жанкүйерлері­не на­ғыз мереке сыйлайтын бұл шара бес күнге созылып, онда әлемдік кино туынды­лардың га­ла-премье­ра­сы көрсе­ті­леді. Фес­тивальда АҚШ, Еуропа, Азия және ТМД елдерінде түсі­ріл­ген жиырмадан аса толық метражды картиналар байқау­дан тыс көрсетілмек. II халықаралық кинофестиваль Астанада әлемге танымал актерлер мен режиссерлердің басын қос­са, осы күндер ара­лы­ғында көрер­мендер әйгілі фильм­дер мен жаңа туындыларды тамашалап, кино саласындағы түр­лі жаңалық­тар­мен таныспақ. Бір айта кететін жәйт, халықаралық экшн-фильм­дер кинофестивалі аясында сценарийлер конкурсы өтеді. Мұнда жаңа фильм­нің үздік идеялары ірік­теліп, таңдау­лы сценарийлер бойынша ал­дағы уақытта фильм­дер түсіріл­мек. Әбдірахман ҚЫДЫРБЕК.