01 Шілде, 2011

Электрондық пішіндегі сараптау жөніндегі жұмыстарды енді онлайн-режім арқылы бақылауға болады

400 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
«Госэкспертиза» РМК-да сараптау жұмыстарының барысын электрондық ақпараттық жүйе бойынша бақылау жүйесінің тұсаукесері болып өтті. Сараптау жұмысының бары­сын электрондық-ақпараттық жүйе бойынша жүргізу мемлекеттік сараптау үдерістерінің ашықтығын және мөлдірлігін, оның қорытын­дыларының халыққа жеткізілуін қамтамасыз етеді. Бұл жүйе бас офистегі ақпараттық жұмыстың барысын ғана жариялап қой­май­ды, сонымен бірге, кәсіпорынның барлық өңірлік бөлімшелерінде ат­қарылып жатқан жұмыстың барысын көрсетеді. Мемлекеттік сараптау жүйесіне түскен барлық жобалау сметалық құжаттары жедел түрде РМК-ның www.gosexpertiza.kz сайтына түсіп отырады. Осының арқасында инвесторлар, бюджеттік бағдарлама­лардың әкімшілері, тапсырма берушілер мен жобалаушылар кез келген уақытта Қазақстанның қай өңірінде болмасын тіпті, әлемнің қай нүктесінде болмасын өздері­нің жобалары жөніндегі мемлекеттік сараптаудың қалай жүріп жатқандығы туралы хабардар бола алады. Бүгінде осы сайтта ірі жобалар бойынша деректер бар. Негізінен жалпы құны 500 миллион теңге болатын жобалар орналас­ты­рылған. Үстіміздегі жылдың аяғына дейін сараптауға түскен барлық жобалық сметалық құ­жаттар электрондық ақпарат жүйе­­сіне қосылады. Сонымен бірге, осы сайтта жобалардың мұрағаты орналастырылады. Сайт қолдану­шылары интерактивтік режімде өздерін толғандыратын мәселе­лерді немесе сұрақтарды жол­дауға болады. –  Бірыңғай жүйе қолдану тәсілі сараптау барысына жан-жақты бақылау жасауға мүмкіндік береді, – дейді «Госэкспертиза» РМК-ның бас директоры Бірлік Ережепов. – Сонымен бірге, бұл жүйе біздің қызметкерлеріміздің және жобалау ұйымдарының жауапкершілігін арттырады. Қолда­ныстағы тәртіп бойынша өңірлер­ден түсетін жобалау сметалық құжаттар 45 күн ішінде, ал техникалық сараптау 60 күн ішінде мемлекеттік сараптаудан өтуге тиіс. Қазір бұл мерзімді қысқарту мақсатындағы жұмыстар жүргізі­ліп жатыр. Республикамыздың құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық ша­руашылығы агенттігі төраға­сының орынбасары Жандос Әкім­жановтың айтуынша, бүгінде Қазақстанда көптеген жобалау ұйымдары жұмыс істейді. Алайда, олардың атқаратын жұмысы­ның сапасы көңілдегідей емес. Көп ретте сараптауға жіберілген жобалар мемлекеттік сараптаудан өту үшін ұзақ мерзім бойы жатып қалады. – Біз бұл ретте тапсырма бе­рушілердің жауапкершілігін тө­мендетпеу жөнінде мәселе қойып отырмыз, осы ұсынысымызды депутаттар да қолдайды деп сенеміз, – дейді Ж.Әкімжанов. Агенттік төрағасының айтуы бойынша, бізде бүгінде көптеген жобалау ұйымдары жұмыс істейді. Олар­дың жұмысына жан-жақты бақы­лау қою керек-ақ. Сараптау жұмысының элек­трондық пішінінің тұсаукесерінде сөйлеген Парламент Мәжілісінің депутаты Сансызбай Есілов бұл электрондық жүйенің сыбайлас жемқорлыққа қарсы игі ықпалы бар екендігін атап көрсетті. Осы басқосу барысында 2010 жылдан бері «Госэкспертиза» РМК-ның жұмысындағы мемлекеттік сараптау жұмысы бірыңғай электрон­дық жүйе бойынша жүзеге асы­рылатындығы атап көрсетілді. Жалпы алғанда «Госэкс­пер­тиза» РМК жыл басынан бері құрылыс саласындағы 3665 сме­талық жобалау жұмысын қараған. Бұл 2010 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 97 пайызды құрайды. Сараптау барысында 3577 жоба мемлекеттік сараптаудан өтіп, қалғандары қайта жетілдіру сатысына жіберілді. Мемлекеттік сараптау органдарының ұсыныс-ескертпелерін жүзеге асы­ру барысында қайтадан жа­сал­ған жобалау құжаттары құры­лыс жобалары бойынша сметалық қаржының 339 миллиард теңгесін үнемдеуге мүмкіндік берді. Ал­дағы уақытта мемлекеттік сараптау жұмыстары электрондық ақ­параттық жүйе арқылы жүр­гізіліп, экономикамыз үшін игі нәтижесін беретіндігі даусыз. Рысты ӘЛІБЕКОВА.