08 Шілде, 2011

Тұрғын үй алудың жаңа мүмкіндіктері

411 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін
Қазіргі таңда баспаналы болу көптеген қазақстандықтар үшін кө­кейкесті мәселеге айналып отыр. Әрине, баспана алудың бірқатар жолдары бар, соның ішінде несиелеу және ипотека орын алуда. Алайда, сан түрлі ұсыныстардың ішінен тәуекелдік, баға және басқа тұрғыдан қарағанда ең тиімдісі мен қолайлысын таңдаған абзал. Бұл сауалда серіктес банкті таңдауға аса көңіл аударылады, өйткені, сіз онымен бірге, былай­ша айтқанда, өзіңіздің және жа­қындарыңыздың өмірін жайғас­ты­расыз. Екінші деңгейлі банктер қата­рынан еліміздің қаржы жүйесін­де ерекше орын алатын – Қазақ­стан­ның Тұрғын үй құрылыс жи­нақ банкі. Аталған банктің басты мақ­саты: қазақстандықтардың Тұрғын үй жағдайларын жақсар­тып, қол­жетерлік несие қоры ар­қылы баспана алып, үй құры­лы­сын жүргізу. Қазіргі таңда Қазақ­станның Тұр­ғын үй құрылыс жи­нақ банкі Мемлекеттік Тұрғын үй бағдарламасын жүзеге асырушы­лар­­дың бірі болып табылады. Атал­мыш бағдарлама негізінде және банк өнімі нәти­же­сінде мың­даған отбасы баспаналы болып, тұрмыс құрды. Жақын арада Қазақстан Рес­пуб­ликасында 2011-2014 жыл­дар­ға арналған «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» арқылы 60 000 адамға 14 000 жа­ңа пә­терлерді іске қосуды қам­ти­тын жаңа Тұрғын үй құры­лы­сы бағ­дарламасы қабылданды. Бағ­­дар­лама кең ауқымды Тұр­ғын­дар то­бының, әсіресе, мемлекеттік жә­не бюджеттік мекеме қызмет­кер­ле­ріне еш қиындықсыз баспа­налы болуына бағытталған. Айт­пақшы, бағдарламаға Қазақ­стан­­ның кәме­летке толған кез келген азаматы қатыса алады. Бұл құ­ры­лымның 2011-2013 жыл­дары жү­зеге асы­рылуына 80.8 млрд. тең­ге, соның ішінде осы жылы — 28.8 млрд. теңге қарастырылған. Үшінші қатарлы жайлылық дең­гейге сәйкес келетін «таза» әр­леу­дегі Тұрғын үйдің бір шаршы метрінің аймақтық кескіндегі құ­ны Алматыда 142,5 мың теңге, 112,5 мың теңге – Астана мен Ақтау қалаларында және 90 мың теңге басқа өңірлерде құрайды. Көрсетілген баға соңғы болмауы ықтимал, өйткені, оның көрсеткі­ші жобалау сметасы және мемлекеттік сараптау негізінде анық­та­лады. Соның нәтижесінде 1 шар­шы метр бағасы шегі көрсе­тіл­ген бағадан кем болуы әбден мүмкін. Осы бағдарламаға Астана, Ал­маты қалалары және аймақтық әкімдіктер, «Қазақстанның Тұр­ғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ белсене атсалысуда. Тәжіри­бе­лік жүзеге асыру барысы бірнеше кезеңдерден тұратынын атап өткен жөн. Бастапқы кезең­де әкімдіктер мен Банк арасында ынтымақтастық келісім жасалы­нады. Келісімде Тұрғын үй құ­рылысы бағдарламасын жүзеге асыру бойынша тараптардың мін­деттемелері сипатталады. Алғаш болып әкімдік тарапынан «таза» жабдықталған баспананың 1 шар­шы метрінің «нақты» бағасы бекітіледі. Бұдан басқа, әкімдік­терге ынтымақтастық келісімінде көрсетілген мерзімде Тұрғын үй кешендерін салып, қолданысқа енгізу міндеті жүктеледі. Ал Банк өз тарапынан кезекті несие­леу­ді бастау үшін баспананы са­тып алушыларды ынталандырады. Тұрғын үйді іске қосу мерзімінен бастап екінші кезең баста­лады. Банкпен құрылған тұтыну­шы­лар бөлісі негізінде пәтерлер­ді үйлестіру жүргізіледі. Кейін, Банк ұсынған тізім барысында әкімдіктер сату-сатып алу келі­сім-шартына отыруды қарасты­рады. Осы жүйені іске асыру, бағ­дарлама субъектілерінің өкіл­діктері мен міндеттерін өзара бө­лісуге жол ашып, өзара әрекетті және бақылауды жақсартады. Салымшылардың бөлісін қа­лып­тастыру мезетінде Банк бар­лық тікелей тұтынушымен қа­рым-қа­ты­на­сында айқын да аш­ық саясатқа сүйенеді. Баспана, бөліске қатысу шарттары бойынша қажетті ақпа­рат белсенді түрде бұқаралық ақ­па­рат құралдарында орналастырылады. Баллды есептеу барысында са­лымшының жинақ бойынша міндеттемелерін орындауы, соның ішінде жинақтың реттілігі, мерзімі мен сомасы ескеріледі. Балл­ды есептеу жүйесі толықтай көр­сетілген бөлісті қалыптастыру ережелері жөнінде Банктің www.hcsbk.kz сайтындағы «Салынып жатқан Тұрғын үйді сатып алу» бөлімінде таныса аласыз. Тұрғын үй бағдарламасына қа­тысу шеңберінде Банкпен Тұр­ғын үй құрылысына жинақтау жө­нін­де комиссиялық алым тө­леу ар­қылы шарт жасасу қажет. Тұрғын үй құрылысына жинақ­тау жөнін­дегі келісім-шартқа оты­ру үшін жеке куәлік және СТН/ИНН түп­нұсқаларын ұсыну қажет. Содан соң, Банк тұтынушысы ай сай­ынғы салымын енгізу арқылы қаражат қорын жинақтайды. Сатып алушылар бөлісіне қа­ты­су негізінде Банктің салымшы­ла­ры­нан өтініш қабылдау Банк­тің бө­лім­шелерінде жүзеге асырылады. 2011 жылдың 16 мамыр мен 15 шілде аралығында Астана, Ал­ма­ты, Атырау, Ақтөбе, Қара­ған­ды, Талдықорған қалала­рын­да; 6 мау­сым және 5 тамыз ара­лы­­ғын­да Орал қаласында; 28 мау­сым мен 27 тамыз аралы­ғын­да Павлодар мен Қызылорда қа­лаларында “Қазақстанның Тұр­ғын үй құ­ры­лыс жинақ банкі” АҚ Банк жи­нақтаушыларынан Қазақ­стан Рес­публикасында 2011-2014 жыл­дар­ға арналған Тұрғын үй құ­рылысы бағдарламасы шеңбе­рін­де “таза” жабдықталған пәтерлер­ді сатып алушылар бөлісіне қаты­суға өті­ніш­терін қабылдап жатыр. Ибраһим КАППАСОВ. Қосымша ақпаратты «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ мына телефондары арқылы алуға болады: Алматы қ., 279-25-55, Астана қ., 40-72-76, Талдықорған қ., 24-40-48, Қарағанды қ., 43-62-02, Қызылорда қ., 26-26-64, Павлодар қ., 34-08-99, Өскемен қ., 75-48-65, Атырау қ., 32-04-00, Тараз қ.. 42-58-80, Ақтөбе қ., 55-72-21, Ақтау қ., 43-96-91, Қостанай қ., 53-38-20, Петропавл қ., 42-79-94, Көкшетау қ., 25-63-04, Шымкент қ., 21-33-62, Орал қ., 54-03-33, Семей қ., 52-22-90 немесе мына сайтта: www.hcsbk.kz