19 Шілде, 2011

Ел жетістігі аталды

390 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Женева қаласында БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі комитетінің 102-сессиясы ая­сында Қазақстанның Аза­мат­тық және саяси құқықтар жөніндегі халықаралық пактіні орындау барысы туралы баяндаманы қорғау рәсімі бо­лып өтті. Бұл Қазақстанның 2005 жылдың қарашасында қабылданған пакт рәсіміне сәйкес алғашқы баяндамасы болып табылады. БҰҰ Адам құқықтары жө­ніндегі комитеті Қазақ­ста­н­да адам құқықтарын қорғау мен сақтау барысында ұлттық тетіктерін жетілдіру жөнінде қа­былданып жатқан шаралар ту­ралы жан-жақты хабардар бол­ды. Делегация мүшелері мен Комитет сарапшылары ара­сын­да сындарлы сұхбат өрбіп, Қа­зақ­станның тәуелсіздік алған кезінен бергі демократиялық және саяси дамуының мәсе­ле­лері қаралды. Сарапшылар та­ра­пынан осы қысқа тарихи жылдар ішінде елдің орасан жетістігі, соның ішінде эко­номикалық даму, ішкі саяси тұрақтылық, құқықтық саясат саласындағы реформалар мен азаматтық қоғам инсти­тут­тарын нығайту  барысы атап өтілді. Еліміздің арнайы деле­га­циясы БҰҰ Комитеті мү­ше­лерінің барлық сұрақтарына толыққанды жауап қайтар­ды. Таяу арада БҰҰ Комитетімен Пакт ережесін одан әрі жүзеге асыру туралы ұсыныс шығарылатын болады. «Егемен-ақпарат».