28 Шілде, 2011

Қорғаныс өнеркәсібі: Кеше,бүгін және ертең

663 рет
көрсетілді
9 мин
оқу үшін

Қазақстан Рес­­пуб­ли­ка­сы­ның Пре­зиденті – Қарулы Күш­тердің Жо­ғарғы Бас Қолбасшысы Н.Ә.На­­зар­баев­тың қорғаныс са­ласы бойынша тап­сырыстарды орын­дайтын өнер­кәсіптерді барынша қолдау туралы тапсырмасына сәйкес армияның әскери-техни­калық әле­уетін нығайту жолын­да отан­дық қорғаныс өндірісі кешен­дерінің қатысуына барын­ша басымдық беріліп отыр. Біздің пайымдауымызша, ол бә­се­кеге қабілетті, озық өндіріс­тік техно­ло­гия­лар­ды меңгерген, жан-жақты техникалық қам­та­масыз етілген және жөндеу орта­лық­тарының жүйесі дамы­ған кешен болуы керек. Қазақ­стан­ның қор­ғаныс өнеркәсібі саласы бұрын­ғы Кеңес Одағы әскери-өнер­кәсіптік кешенінің базасында құрылды. Одақ ыды­рағаннан кейінгі кеңістікте за­уыт­тар ара­сындағы қарым-қа­тынастар біраз уақытқа тұралап қалды. Ол кездерде жас тәуелсіз мемле­кеттердің экономикасы құл­дыраған шақ болатын. Қазақстанның қорғаныс өнер­­кәсібі де мемлекеттің эко­но­микасын реформалау кезеңін­де бірталай қиыншылықтарды бастан кешірді. Нарық заманын­да көптеген қорғаныс өнер­кәсіптері толығымен жойылып кетті. Мысалы, противогаз шы­ғаратын Серебрянск зауыты, Көк­­шетау радиозауыты және басқалар. Әскери зауыттар өз өнімдерін өткізу нарығының жоқ­тығынан азаматтық өндіріс­ке жедел көше бастады. Мамандар мен жұмысшыларды даярлау және қайта даярлау жү­йесінің жоқтығынан барлық деңгейде жетіспеушілік пробле­малары туындады. Осындай күрделі жағдайлар қорғаныс-өнеркәсіптік кеше­ні­нің бәсекелестігін арттыру мақса­тында құрылымдық ре­фор­маға алып келді. Ел Үкіметі ғылыми-өнеркәсіп әлеуетіне шо­ғырлануы қажет отандық қор­ғаныс өнер­кәсіптік кешенін «Қазақстан инжиниринг» ұлт­тық компаниясы» АҚ сияқты ұйымды құру туралы шешім қабылдады. Басқарушы ұйым ретінде бұл компания қару-жа­рақ пен әскери техника, ғылыми өндірісті игерген және қолдану әлеуеті басым, сондай-ақ өнді­рістің жаңа түрлерін игеруде өзіндік тәжірибесі қалып­тасқан бірқатар еншілес кәсіп­орындар­ды бір жерге біріктірді. Оның құрамына «ПЗТМ», «Каз­Инж­Электроникс», «811 АРЗ», «С.­М.­Киров атындағы машина жасау зауыты», «Зенит» Орал зауы­ты», «Гидроприбор» ҒЗИ», т.б. кірді. Осы кәсіпорындардың негізгі бөлігі қару-жарақ пен әскери техникалардың жекелеген но­менклатурасын күрделі жөн­деу­ге ғана маманданған болатын. Мемлекет ішіндегі қажет­тілік­терді қанағаттандыру үшін оқ-дәрілер, кемелер, катерлер мен теңіз қару-жарағын шығаратын за­уыттар болмағандықтан, басқа толық технологиялық циклмен әскери мақсаттағы өнімдер шығарылмай келді. Қазақстанда орта және ірі бизнесті дамы­тудың қолайлы жағдайларын жа­сау және тиімді басқаруды жоғарылату мақсатында компания алғашында «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ құрамына берілген болатын. Кейін Индустрия және сауда министрлігінің қол астына өтті. Осы кезеңде біздің алды­мызда қару-жарақ пен әскери тех­никаны сатып алу кезінде офсеттік саясатты қол­дану арқылы Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құра­лымдарды дамытуды қар­қын­дату және жеделдету туралы тапсырмалар тұрды. Бұл саясат оларды өндіру немесе кем дегенде техникалық сүйемелдеу үшін технологиялардың трансфертін қажет етті. Осы мақсатпен «Қазақстан инжиниринг» ұлттық компания­сы» мен «Казахвзрывпром» акционерлік қоғамдары акцияла­ры­ның мемлекеттік пакеті Қор­ғаныс министрлігінің жедел бас­қаруына өтті. Сонымен қатар, қорғаныс ведомствосы мемлекеттік қорғаныс тапсырысын құру бойынша уәкілетті орган болды. Қару-жарақтарды жаңарту – қым­бат үрдіс. Бірақ қорғаныс мәсе­лесінде қаржыны үнемдеуге бол­майды. Армиямызды қазіргі за­манға сай жабдықтау үшін қандай жүйелі іс-шаралар жүргізілуде? Енді осыған тоқталып өтсек. Отандық кәсіпорындарды қару-жарақ пен әскери техниканы жөн­деу мен жаңғырту шараларына тарту Қазақстан кәсіпорын­да­ры­ның өндірістік мүмкіндігін айтар­лықтай кеңейтуге мүмкіндік береді. Осыған орай Қорғаныс министрлігі елімізде өндірілетін қару-жарақ пен әскери техниканы са­тып алу деңгейін өсіру және импорт үлесін қысқарту жолдарын іздеу жұмыстарын жандандыруды қолға алды. Біз мемлекеттің әс­кери саласын жоспарлы түрде да­мыту мақсатында армияны тех­нологиялық жетілдіру бағдарла­масы мен қорғаныс өнеркәсіптік кешенін әзірледік. Бұл армияны технологиялық жетілдіру және қорғаныс кәсіпорындарын дамы­ту мәселелерін тығыз байланыс­тыруға, Қорғаныс өнеркәсібі кешені кәсіпорындарын функцио­налды мемлекеттік басқару тиімділігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ әскери мақсаттағы өнімдерді өндіру жүйесін дамытуға барын­ша мүмкіншілік туғызды. Бұл бағдарлама Қазақстанның үдемелі индустриалдық-иннова­циялық дамуының басымдық­тарымен үйлестіріліп отыр. Бұл дегеніміз, нақты ғылымға негізделген және жоғары технология­лық өндірісті құру, сондай-ақ дүниежүзілік сапа стандарт­тары­на ауысу деген сөз. Қазіргі таңда осы жұмысқа өндірісті іске енгізу әлеуеті, өндірістің жаңа түрлерін игерудегі тәжірибесі сақталған отандық барлық қорғаныс өнер­кәсібі кәсіпорындары тартылған. Бұл қазірдің өзінде оларға қару-жарақ пен әскери техниканың жекелеген түрлерін жөндеу мен жетілдіру бойынша қызмет көрсе­туге, сондай-ақ әскери мақсат­тағы өнімдерді өндіру номенкла­турасын кеңейтіп, көлемін ұл­ғайтуға айтарлықтай мүмкіндік беріп отыр. Бүгін қазақстандық армия үшін «импорттың орнын басу» тер­мині өзекті болып отыр. Армия әрдайым елімізде өндірілетін тауарлардың ірі тұтынушысы болып келді. Біз осыған сәйкес әскери сатып алуларды шетелдік өнімдерге емес, алдымен қазақ­стандық бизнеске барынша ба­ғыт­тауымыз қажет. Егер сатып алынған тауарларға тұрақты сұ­раныс болса, олардың сапасын бізде де жақсартуға әбден болады. Осыған орай Қазақстан Рес­публикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму бағдар­ла­масында мемлекеттің қорғаныс тапсырысын 80 пайыз отандық өндірушілермен қамтамасыз ету қарастырылған. Бұл қазақстандық тауарлар, жұмыстар мен қыз­меттер номенклатурасын кеңейту бойынша қорғаныс кәсіп­орын­да­рының мүмкіншіліктерін барын­ша қолдануды қажет етеді. Осы мәселені біріккен кәсіпорын­дарды құру, технологияларды та­сымалдау, өз өндірістік және ғылыми базасын дамыту, сондай-ақ мемлекет экономикасының бас­қа салаларын қазақстандық үлесті өсіруге белсенді түрде қол­дану арқылы шешуге болады. Бүгінгі таңда осы жұмысқа «Қазақстан инжиниринг» ұлт­тық компаниясы» АҚ, «Батыс Қазақ­стан машина жасау ком­пания­сы», «Востокмашзавод», «СП «Белкамит», «Гранит» ЖАҚ, т.б. сияқты отандық қор­ғаныс-өндірістік кешендері то­лығымен тартылған. Әскери-өндірістік кешенді құру сала­сындағы дүние­жүзілік тәжірибе қорғаныс сек­торында таза на­рықтық шешімдер толық кө­лемде лайық емес екендігін көрсетті. Қорғаныс өнеркәсібі экономиканың ерекше секторы әлеуетті құрылым­дар­дың тап­сы­­рысына, яғни мемлекетке тә­уелді. Олай болса, қор­ғаныс өндірісінің жемісті дамуы үшін жан-жақты мемлекеттік қолдау қажет. Демек, бүгінгі таңда Қазақ­станның 20-дан артық қорға­ныс-өнеркәсіптік кешені әскери мақсаттағы өнімдерді шығару, мамандандырылған жұмыстар мен қызметтерді ұсыну бойын­ша  мемлекеттік қорғаныс тап­сырысын жүзеге асыруға қаты­сады деген сөз. Осының арқасында біз қор­ғаныс өнеркәсібінде  сна­ряд­тар­дың сервистік қызмет етуін жақ­сарту; кемелер, катерлер, авто­көліктер, тактикалық радио­құ­ралдар, оқ-дәрілер, ими­тациялық құралдарды шы­ға­руды игеру; жеңіл сауыт­тал­ған техника, кө­ліктер мен атыс­ты басқару құ­ралдары, байла­ныс құралдары, Ми-8 (Ми-17) типті тікұшақтарды жөндеу және жаңартуда ай­тарлықтай жетістіктерге жеттік. 2011 жылы атқарылатын жұ­мыстар ауқымы кеңейтілді. Еліміз өнеркәсіптерінде келесі жобаларды жүзеге асыру бас­талды: имитация және дабылды оқ-дәрілер өндірілді, авиация қозғалтқыштарына күрделі жөн­деу­лер жасалды. Сонымен қатар, қару-жарақ пен әскери техника импортына тәуелділікті азайту, озық техно­логиялардың трансферті мақса­тында Беларусь, Испания, Израиль, Ресей, Түркия және Франция сияқты қару-жарақты шы­ғару саласындағы  жетекші елдермен бірнеше бағыттарда біріккен кәсіпорындар құру жос­парланған. Қазақстан аумағында біріккен қорғаныс кәсіпорындарын құруға Иордания, Қытай, Корей Республикасы, Украина, Швейцария және басқа елдер мүдделі болып отыр. Қазіргі таңда отандық қор­ғаныс өнеркәсібі кешенін дамы­ту жұмыстары екі негізгі бағыт бойынша жүргізілуде. Оның бірі қорғаныс тап­сырыстарының кәсіпорын­да­рын­да кепілдікпен орналас­ты­руды қамтамасыз ету болса, екінші бағыт шетел инвести­ция­лары мен озық техноло­гияларын тарту арқылы біріккен кәсіпорындарды құру және өндірісті жаңарту. Сонымен қатар, отандық кәсіпорындар шығаратын әске­ри өнімдердің сапасын арттыру үшін әскери өкілдер инсти­ту­тын енгізу жұмыстары жүр­гізіліп жатыр. Болашақта отандық қорға­ныс өнеркәсібі кешенін дамыту қолда бар өндіріс орындарын кеңейту мен жаңаларын ашуға, қорғаныс және азаматтық кәсіп­орындар арасындағы ынтымақ­тастықты жақ­сартуға бағыт­талуы тиіс. Бір сөзбен айтқанда, өзіміздің қор­ғаныс өнеркәсібі кешенін жаңарту арқылы қо­лайлы бағамен әскери және азаматтық мақсаттағы са­палы өнімдерді шығара алатын озық технологияларды игерген ма­ман­дарды тартуымыз қажет. Қа­зақстанда бұл үшін барлық жағдай жасалған.