Оқиға • 01 Тамыз, 2024

Түркістанда Дезинфекция орталығының басшысы сотталды

91 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты «Түркістан облысы бойынша дезинфекция орталығы» ШЖҚ РМК филиалының бас директоры К. Төрегелдиевке және жеке компанияның басшысы Д. Озықбаевқа қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түркістанда Дезинфекция орталығының басшысы сотталды

Фото:inform.kz

Айта кетейік, К.Төрегелдиев алаяқтық, пара беруге итермелеу және немқұрайдылық танытқаны, ал Озықбаев пара беруге оқталғаны үшін кінәлі деп танылған. 

«Төрегелдиев РМК-да жүргізіліп жатқан аудиторлық тексеру жөніндегі мәселенің шешімін оң жақты еткені үшін лауазымды тұлғаларға пара беру сылтауымен Озықбаевтың 500 мың теңге сомасындағы ақшалай қаражатын алаяқтық жолмен иемденгені анықталды. Сондай-ақ Төрегелдиев өз міндеттерін тиісінше орындамау нәтижесінде орындалған жұмыстардың актілеріне оны нақты орындалмай қол қойды, сол арқылы мемлекетке 2,2 млн теңге сомаға залал келтірді», деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі.

Сот Төрегелдиевті үш жылға бас бостандығынан айыруға, ал Озықбаевты 7,5 миллион теңге айыппұл төлеуге үкім шығарды. Сондай-ақ олар мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойы айырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.