03 Тамыз, 2011

Елбасы қабылдады

230 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев белгілі қоғам қай­рат­кері, Ұлы Отан соғысының ардагері Сұлтан Жиенбаевты қабылдады. Кездесу барысында Президент С.Жиенбаевты 90 жасқа толған мерейтойымен құттықтады. *   *   * Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Алматыдағы резиденциясында Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімовті қабылдады. А. Есімов Президентті мегаполистің әлеуметтік-экономикалық даму барысы туралы хабардар етті. Кездесудің қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы Алматы қаласының әкіміне бірқатар тапсырмалар берді.