04 Тамыз, 2011

Бауырластық тамыры тереңде жатыр

393 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Түрік Республикасына ресми сапармен келген Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ержан Қазыханов кеше Анкарада бірқатар екі­жақ­ты кездесулер өткізді. Қазақстан сыртқы саясат ве­дом­ствосының басшысы түріктің даңқты ұлы Ататүрк кесенесіне гүл шоғын қойған соң, Түрік Рес­публикасы Парламентінің Төр­аға­сы Джемил Чичекпен кездесті. Спикер өз сөзінде Қазақстанның тәуелсіздік алғаннан бергі ке­зең­­дерде аса зор табыстарға қол жеткізгендігін ерекше атап өтті. Төр­ағаның кездесуде атап өт­ке­ніндей, Қазақстанның халық­ара­лық беделді ұйымдарға төр­аға­лық етуі халықаралық қоғамдас­тық тара­пы­нан үлкен сенімге ие екендігін көрсетеді. Қазіргі таңда үкімет­ара­лық байланыстар қар­қынды дамуда. Ендігі мәселе, пар­ла­мен­т­аралық ынтымақ­тас­­тық­­ты терең­дету. Д.Чичек екі ел арасындағы ынтымақтастықты те­реңдетуге өзі тарапынан көмек көрсетуге дай­ын. Қазақстан Рес­публикасы Се­на­тының Төрағасы Қайрат Мә­ми­ді өз еліне ресми сапармен келіп қайтуға шақы­ра­­тын­дығын жет­­кізуді өтінген ол өзі де Қазақ­стан­ға ресми сапар жасауға ниетті екендігін білдірді. Ал ҚР Сыртқы істер министрі Ержан Қазыханов өз кезегінде Түркия­ның Қазақ­стан тәуелсіз­ді­гін ең бірінші бо­лып та­нығанына да жиырма жыл болып қал­ған­дығын атай келіп, екі елдің бас­шылары кездесулерін­де көп­те­ген құжат­тар­ға қол қой­ыл­ған­ды­ғын, ендігі мәселе со­лар­­дың жү­зеге асуын қадағалау жа­ғы­на кө­ңіл бөлінуі қажеттігіне тоқ­талды. Со­нымен бірге министр Қазақстан Парламенті Мәжілі­сі­нің Төраға­сы Орал Мұхамеджа­нов­тың Тү­рік Респуб­ликасына са­пары жос­пар­ланып отырғанды­ғын, Түркия елі­міздің Еуразия­дағы стратегиялық әріптесі екендігін атап өтті. Қазіргі кезде Қазақстанда 3 мыңға жуық түрік компаниялары жұмыс істейді, арадағы сауда-сат­тық 2 миллиард доллардан асып отыр. Жыл аяғына дейін оның деңгейі 4 миллиард дол­лар­дан аса­ды деп күтілуде. Сон­дай-ақ ми­нистр Алматыда қазан айында өтетін Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңе­сі­нің саммитіне қатысу үшін Мем­лекет бас­шысы Нұрсұлтан Назарбаев­тың Түрік Респуб­ли­ка­сының Президенті Абдулла Гүл­ді шақыр­ға­нын ресми түрде қуаттады. Бұдан кейін Сыртқы істер министрі Ержан Қазыхановтың Түр­кияның Сыртқы істер министрі Ахмед Дауытоғлымен кездесуі жеке және толық құрамда жал­ға­сын тапты. Кездесуде тараптар сая­си-экономикалық мәселелер­мен қа­тар, бірқатар халықаралық мәселелер бойынша да пікір ал­масты. Ержан Қазыхановтың атап өткеніндей, Қа­зақстан-Түркия ын­­тымақтас­ты­ғы жоғары деңгейде дамып келеді. Алдағы жылдары сауда айна­лы­мын 10 миллиард долларға жеткізу көзделіп отыр. Кездесу барысында Түркия Үкі­ме­тінің басшысы Р.Эр­доғанның Қазақстанға жасайтын ресми са­­па­ры жайында да әңгіме болды. Сапар аясында Эконом­и­ка­лық ын­тымақтастық жөніндегі Қа­зақ­стан – Түркия жоғары дең­гей­дегі кеңесін құру мәселесі тал­қыла­на­ды деп күтілуде. Кездесу нәтижесінде екіжақты құжаттар – Қазақстан мен Түркия сыртқы істер министрлері ара­сын­дағы дипломатия саласында кадрларды даярлау және біліктілікті арттыру туралы меморан­дум­ға және Қазақстан Республи­касы мен Түрік Республикасы сырт­қы істер министрліктері ара­сын­дағы 2012-2013 жылдарға ар­налған ынтымақтастық бағдарла­ма­сына қол қойылды. Кеше Қазақстан Сыртқы істер министрі Ержан Қазыханов Түрік Республикасының Президенті Абдулла Гүлдің қабылдауында бо­лып, онда екі ел арасындағы ын­ты­мақтастықты тереңдету жай­ын­да әңгімелесті. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан» – Анкарадан.