05 Тамыз, 2011

Десантшылар

713 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
2 тамызда елордадағы 68665 әскери бөлімде Әуе десанты әскерлерінің күніне ар­нал­ған салтанатты іс-шара өткі­зілді. Шара аясында десантшы жауын­герлер «Америка төбешігі» деп аталатын арнайы жаттығу­лар­ мен қоян-қолтық ұрыс элемент­терін көрсетті. – ТМД елдерінің азаматтары мен десантшы жауынгерлері жыл сайын 2 тамызда Әуе десанты әскерлерінің құрылған күнін мерекелейді, – деп атап өтті өзінің сөзінде 68665 әскери бөлімнің командирі, генерал-майор Алмас Жұмакеев. – Біз ӘДӘ тарихын жаз­баймыз. Ол бізге дейін жазы­лып қойған. Ол өшпейтін ерліктерден тұратын тарих. Қазақстан әскерінің генералдары Сәкен Жасұзақов, Уәли Еламанов, Мұ­рат Мәйкеев, Әділбек Алдабергенов сынды аға буын өкілдері Қазақ­стан Әуе десанты әскер­лері­нің құ­рып, оның одан әрі дамуына баға жетпес үлес қосқан азаматтар. Әуе десанты әскерлері Қару­лы Күштер та­ри­хы­ның жарқын беттерін құ­рай­ды. Олардың жан­­­­қияр­лық ерлігі мен қа­һар­ман­ды­ғы, Отан­ға деген шексіз сүйіс­пен­­шілігі қай кезде де даңққа бөленіп келеді. Бүгінде еліміз­дің де­сант­­шы жауын­гер­лері ардагерлер ара­сында да, жастар орта­сын­да да зор құр­мет­ке ие. Оксана ПАРПУРА, Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің қызметкері.