05 Тамыз, 2011

Астаналықтар назарына

321 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазіргі уақытта Монополияға қарсы агенттік Қазақстан Респуб­ликасының монополияға қарсы заңнамаларының бұрмалануы бойын­ша «Астанаэнергосбыть» ЖШС-ға қатысты тергеу процедураларын жүргізуде, деп хабарлайды осы агенттіктен. Жүргізілген тергеулер барысында ЖШС-нің ақысын төлеп тұрған, қызмет көрсетуші кәсіпорын алдында электр энергиясы үшін  еш берешегі жоқ  тұтынушыны электр қуатынан ажыратып тастау жағдай­ларының орын алғаны анықталып отыр. Осыған байланысты агенттік ЖШС-нің ондай іс-әрекетін өз үстемдігін асыра пайдалану деп бағалауда. Осындай жәйтерді ескере келіп, агенттік жүргізіліп жатқан тексеру кезінде ескеру үшін аталған ЖШС қызметіне өкпе-реніштері бар азаматтардың Монополияға қарсы агенттіктің Астана қалалық аумақтық бөлімшесіне (Бейбітшілік көшесі, 4-үй, 4-қабат, 40-кабинет) тел. 75-24-49 хабарласуларын сұрайды.