2011 жылғы 28 ақпан, Алматы қаласы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасында банктерді мәжбүрлеп тарату ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 25 ақпандағы № 40 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ипотекалық кредит беру және қаржылық қызметтерді тұтынушылар мен инвесторлардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 10 ақпандағы Заңын іске асыру және Қазақстан Республикасында мәжбүрлеп таратылатын банктердің тарату комиссияларының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасы қаулы етеді:
1. Агенттік Басқармасының «Қазақстан Республикасында банктерді мәжбүрлеп тарату ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 25 ақпандағы № 40 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4181 тіркелген, 2006 жылғы маусымдағы №9-10 Қазақстан Республикасының орталық атқару және өзге мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында банктерді еріксіз тарату ережесінде:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Осы Ережені пайдалану мақсатында мынадай ұғымдар қолданылады:
1) банк кредиторы - таратылатын банкке оның азаматтық-құқықтық және басқа да міндеттемелерінен туындайтын мүліктік талаптары бар тұлға;
2) бастапқы баға – әрбір лот бойынша сауда-саттық басталатын және «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бағалаушы анықтаған лоттың құнынан төмен емес болып белгіленетін баға;
3) бас офис – тарату комиссиясының төрағасы жедел-басқару және осы Ережеде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын офис;
4) ең төменгі баға - бұдан төмен бағамен лот сатылуы мүмкін емес баға;
5) кепілдік беру жөніндегі ұйым - екінші деңгейдегі банктердегі депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын арнайы құрылған коммерциялық емес ұйым;
6) кредиторлар комитеті - кредиторлардың мүдделерін қамтамасыз ету және олардың қатысуымен шешімдер қабылдау мақсатында таратылатын банктің кредиторларынан құрылатын орган;
7) кредиторлар санаты - бір жақты сипаты бар талаптары бар және Банктер туралы Заңның 74-2-бабымен көзделген белгілі бір кезектілік аясында қанағаттандырылатын кредиторлар тобы;
8) кредиторлар талаптарының тізілімі - уәкілетті орган бекіткен, кредиторлардың белгіленген мерзімде қойған және тарату комиссиясы таныған талаптарын, сондай-ақ еріксіз таратылатын банкке ұсынылған есеп айырысуға сәйкес ақша сомасы көлемінде өтемақы төлеу бойынша кепілдік беру жөніндегі ұйымның міндеттемелерді орындау жөніндегі болашақ талаптарын көрсететін құжат;
9) күтпеген шығыстар - мөлшері жүз айлық есептік көрсеткіштен аспауы тиіс кідіртуге болмайтын қажеттілікке арналған тарату комиссиясының жоспарланбаған шығындары;
10) қатысушы банк - банкті еріксіз тарату туралы сот шешімінің заң күшіне ену сәтіне депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болған таратылатын банк;
11) құндылықтар - Қазақстан Республикасының валюталық құндылықтары, банкноттары мен монеталары, бағалы қағаздар, қатаң есептегі бланктер және бағалы заттар;
12) лот - бірлікті сату үшін бөлінбейтін болып ажыратылған аукционға қойылған мүлік;
13) мерзімді баспасөз басылымы - тұрақты атауы, ағымдағы нөмірі бар және кемінде үш айда бір рет шығарылатын газет, журнал, альманах, бюллетень, олардың қосымшасы;
14) сату бағасы - сауда-саттық нәтижесінде белгіленген лоттың түпкілікті бағасы, ал мүлікті сауда-саттықты өткізбей сатқан жағдайда – кредиторлар комитеті (кредиторлар комитеті болмаған жағдайда тарату комиссиясының төрағасы) белгілеген мүліктің түпкілікті бағасы;
15) сату объектісі - жеке (дербес) бірлік ретінде сауда-саттыққа қойылған таратылатын банктің мүлкі немесе бірнеше бірліктен бір лотқа шоғырланған өзге мүлік;
16) сатушы - таратылатын банктің тарату комиссиясы;
17) сатып алушы - сатушымен сатып алу-сату шартын жасаған сауда-саттық жеңімпазы;
18) сауда-саттық жеңімпазы - сауда-саттықтағы лотқа барынша жоғары баға ұсынған қатысушы;
19) сауда-саттықты ұйымдастырушы - таратылатын банктің тарату комиссиясы немесе тарату комиссиясымен сауда-саттық жүргізу жөніндегі қызмет көрсету туралы шарт жасаған және оның нәтижелеріне мүдделі емес заңды не жеке тұлға;
20) сауда-саттық қатысушысы - сауда-саттыққа қатысу туралы өтінішті сауда-саттық ұйымдастырушысы белгілеген тәртіппен берген және оның қатысушысы ретінде сауда-саттық ұйымдастырушысы тіркеген жеке немесе заңды тұлға;
21) сауда-саттықтың ағылшындық әдісі - лоттың бастама бағасы лотқа ең жоғары баға ұсынған қатысушылардың біреуі қалған кезге дейін алдын ала мәлімделген қадаммен көтерілетін сауда-саттық әдісі;
22) сауда-саттықтың голландтық әдісі - лоттың бастама бағасы қатысушылардың біреуі мәлімделген баға бойынша лот сатып алуға келіскен кезге дейін алдын ала мәлімделген қадаммен төмендейтін сауда-саттық әдісі;
23) тарату комиссиясы - банкті еріксіз тарату туралы шешім қабылданған жағдайда уәкілетті орган тағайындайтын (босататын), банк ісін аяқтау және оның кредиторларымен есеп айырысуды қамтамасыз ету мақсатында тарату рәсімі барысында банктің мүлкі мен істерін басқару жөніндегі өкілеттіктерді тарату комиссия төрағасының тікелей басшылығымен жүзеге асыратын орган;
24) тарату комиссиясының шығыстары - банкті еріксіз тарату процесінде тауарларды, жұмысты және қызмет көрсетуді тұтынуға байланысты шығындар (бұдан әрі - тарату шығыстары);
25) тарату, конкурстық масса - таратылатын банктің банк ісін аяқтауға және оның кредиторларымен есеп айырысуды қамтамасыз етуге арналған активтері;
26) тарату массасының мақсатсыз шығысы - уәкілетті органмен келісілген немесе кредиторлар комитеті бекіткен тарату шығыстары сметасында көзделмеген шығындарды жүзеге асыру;
27) тарату шығыстарының сметасы – кредиторлар комитеті немесе тарату комиссиясының төрағасы уәкiлеттi органмен келісе отырып бекітетін, тарату комиссиясының белгiлi бір уақыт кезеңіне болжап отырған шығындарды көрсететін құжат;
28) тарату ісі - банк ісін аяқтау және оның кредиторларымен есеп айырысуды қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылатын банктің заңды тұлға ретіндегі қызметін тоқтату рәсімі;
29) таратылатын банк - сот шешімінің заң күшіне енуіне байланысты еріксіз тарату процесінде болып табылушы банк;
30) таратылатын банктің мүлкі - құнды бағасы бар және тарату, конкурстық массаға енген мүліктік игіліктер мен құқықтар жиынтығы;
31) уақытша әкімшілік (уақытша әкімшілік басқарушысы) - банк мүлкінің сақталуын қамтамасыз ету және банкті басқаруды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды орындау үшін банк операцияларын жүргізуге лицензияларды қайтарып алу туралы шешім қабылданған күннен бастап тарату комиссиясын уәкілетті орган тағайындағанға дейінгі кезеңге уәкілетті орган тағайындайтын орган (тұлға);
32) уәкілетті орган - қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган.»;
7-тармақта:
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) кредиторлардың, салық қызметі органдарының талаптары бойынша, оның ішінде даусыз (акцепсіз) тәртіпте қанағаттандырылуы тиіс таратылатын банктің банк шоттарынан ақша өндіріп алуға, сондай-ақ таратылатын банктің мүлкін өндіріп алуға жол берілмейді;»;
мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
«5-1) таратылатын банктің лауазымды тұлғаларына олардың иелігіндегі акцияларды иеліктен шығаруға тыйым салынады;»;
7) тармақшадағы «мүліктік сипаттағы барлық талаптар» деген сөздер «талаптар» деген сөзбен ауыстырылсын;
8) тармақша мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:
«Таратылатын банкке қатысты алдында қабылданған соттардың шешімдерін орындау тоқтатылады.»;
9-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Тарату комиссиясы бір айдан аспайтын мерзімде уақытша әкімшіліктен (уақытша басқарушыдан) қабылдау-өткізу актісі бойынша таратылатын банктің мүлкі мен құжаттарын қабылдайды.»;
мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:
«9-1. Банкте филиалдары не өкілдіктері болған жағдайда банкті тарату банктің филиалы не өкілдігі орналасқан жерде құрылатын тарату комиссиясының бөлімшесімен (бұдан әрі – бөлімше) бірлесіп жүргізіледі.»;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Тарату комиссиясы таратылатын банктің атынан іс-әрекет етеді және өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша шешім қабылдау кезінде дербес болады.
Банктің тарату комиссиясы банкті тарату рәсімдерін тарату комиссиясының төрағасы бекіткен жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асырады.
Бөлімшелер жұмыс жоспарын тарату комиссиясы тағайындалған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде таратылатын банктің бас офисіне жібереді.
Жиынтық жұмыс жоспары таратылатын банктің бас офисімен жарты жылға бөлу арқылы (бөлімшілер ұсынған жұмыс жоспарларын ескере отырып) бір жылға жасалады және тарату комиссиясы тағайындалған күннен бастап қырық бес жұмыс күні ішінде уәкілетті органға мәлімет үшін беріледі.
Жыл сайынғы жұмыс жоспарлары таратылатын комиссиясының бас офисімен жоспарланып отырған кезеңнің алдындағы айдың онынан кешіктірмей уәкілетті органға мәлімет үшін беріледі.
Жұмыс жоспарын орындау туралы ақпарат таратылатын банктің бас офисімен уәкілетті органға жарты жылдың жиынтығы бойынша беріледі.»;
мынадай мазмұндағы 12-1-тармақпен толықтырылсын:
«12-1. Банктің тарату комиссиясының төрағасы тарату комиссиясының тиімді жұмыс істеуі, сондай-ақ өкілеттіктер мен функционалдық міндеттемелерді нақтылау мақсатында ол тағайындалған күннен бастап жеті жұмыс күнінен кеш емес мерзімде тарату комиссиясы төрағасының және төраға орынбасарының арасындағы міндеттерді бөлу туралы бұйрық шығарады.»;
16-тармақтың екінші сөйлемі «қызмет көрсету шартында» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ тарату комиссиясының төрағасымен бекітілетін әр қызметкердің лауазымдық нұсқаулығында» деген сөздермен толықтырылсын;
19-тармақта:
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) тарату комиссиясы тағайындалған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде таратылатын банктің банк шоттары бар екінші деңгейдегі банктерге бірінші және екінші қолдарының үлгілері мен мөр таңбасы бар құжаттарды ұсынады;»;
2) тармақша «кредиттік бюроларға» деген сөздерден кейін «, қор биржасына» деген сөздермен толықтырылсын;
23) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«23) банкті тарату ісінің барысы туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының барлық аумағында таралатын мерзімдік баспа басылымдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде есепті жылдан кейінгі жылдың 1 (бірінші) ақпанынан кешіктірілмейтін мерзімде жылдың қорытындысы бойынша жариялайды;»;
23-тармақтың төртінші бөлігіндегі «екі» деген сөз «үш» деген сөзбен ауыстырылсын;
27-тармақ алып тасталсын;
30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«30. Әр күнтізбелік жылдың қорытындысы бойынша кредиторлар комитетіне уәкілетті органның, кепілдік беру жөніндегі ұйымның тарату комиссиясының құрамына енгізілген қызметкерлерін қоспағанда, тарату комиссиясының төрағасы мен (немесе) мүшелеріне, сондай-ақ тартылған қызметкерлерге олардың қызмет нәтижелері бойынша қосымша төлемдерді бекітуге рұқсат беріледі.
Қосымша төлемдерді жүзеге асыру туралы шешім қабылданған тұлғаларға қатысты қосымша төлемдердің жалпы сомасы кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру үшін нақты берілген сомасының 0,5 пайызынан аспайтын мөлшерде бекітіледі.»;
33-тармақтың 2) тармақшасы «қызметтер» деген сөзден кейін «, интернет желісін пайдаланғаны үшін шығыстар» деген сөздермен толықтырылсын;
36-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Тарату комиссиясының құрамына енгізілген уәкілетті орган қызметкерлерінің іссапарға шығу шығыстары уәкілетті органның қаражат есебінен жүзеге асырылады.»;
43-тармақ «сметасын» деген сөзден кейін «, оған қоса берілген түсіндірме жазбасын» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 44-1, 44-2-тармақтармен толықтырылсын:
«44-1. Уәкілетті органмен келісілген немесе кредиторлар комитетімен бекітілген тарату шығыстарының сметасы өткен кезеңде жүзеге асырылмаған жағдайда және оны жоспарланған кезеңде жүзеге асыру қажеттілігі бар болғанда, көрсетілген шығыстар жоспарланған кезеңнің тарату шығыстарының сметасына енгізілуге жатады.
44-2. Тарату шығыстарының сметасын уәкілетті органмен келісуге дейін мынадай шығындар баптары бойынша:
1) банкті мәжбүрлеп тарату туралы хабарламаларды жариялау жөніндегі қызмет;
2) байланыс қызметіне (телекоммуникациялық шығыстар, телефонды, телеграфты пайдаланғаны үшін абоненттік төлем, қалааралық және халықаралық сөйлесулер жөніндегі шығыстар, почта мен анықтамалық қызметтер, интернет желісін пайдаланғаны үшін шығыстар);
3) коммуналдық қызмет;
4) бірінші және екінші қолдарының үлгілері мен мөр таңбасы бар құжаттарды нотариалдық куәландыру бойынша қызмет;
5) үй-жайды жалдау қызметі, тарату комиссиясына бірінші кезекті іс-шараларды жүргізуге байланысты шығыстарды жүзеге асыруға рұқсат беріледі.»;
57-тармақтың бірінші бөлігіндегі «жалпы сомасы бір күн ішінде кассалық кіріс журналында» деген сөздер «кіріс жөніндегі касса кітабында» деген сөздермен ауыстырылсын;
65-тармақ «(есеп айырысу-төлем)» деген сөздерден кейін «не сома қызметкердің банк шотына аудару жолымен» деген сөздермен толықтырылсын;
82-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«82. Тарату комиссиясы тағайындалған күннен бастап бір айдан астам мерзімде таратылатын банктің мүліктерін (активтерін), жеке шоттарын, кредиттік және басқа да шарттарын түгендеуді жүргізеді, сондай-ақ таратылатын банк қызметкерлерінің қатысуымен барлық баланстық шоттар мен меморандум шоттарын салыстырып тексереді. Түгендеу қорытындысы бойынша акт жасалады.
Келешекте бухгалтерлік есеп деректерінің дұрыстығын қамтамасыз ету мақсатында тарату комиссиясы жылына бір реттен кем емес, сондай-ақ тарату комиссиясының төрағасы ауысқан жағдайда түгендеуді жүргізеді.»;
84-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«84. Таратылатын банктің түгендеу жолымен анықталған барлық активтері егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, тарату массасына қосуға жатқызылады. Таратудың басында банктің балансына енгізілмеген және түгендеу барысында анықталған активтер таратылатын банктің аралық тарату балансында көрсетілуі тиіс.
Осы Ереженің 82-тармағының бірінші бөлігіне сәйкес жүргізілген түгендеу барысында анықталған мүліктің кем шығуы аралық тарату балансына енгізіледі және жеке шотта ескеріледі.»;
86-тармақта:
«жүзеге асырылуы тиіс» деген сөздер «жүзеге асырылады» деген сөздермен ауыстырылсын;
«беру» деген сөзден кейін «кредиторлар комитетімен келісу бойынша» деген сөздермен толықтырылсын;
94-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«94. Тарату комиссиясы заңды немесе жеке тұлғаның талаптарын (өтініштерін) қарау кезінде көрсетіліп отырған талаптың заңдылығын және оның негізділігін тексереді.»;
96-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«96. Талап (өтініш) толық немесе ішінара қабылданбаған жағдайда өтініш берушінің талабы (өтініші), сондай-ақ өтініш берушінің талабының (өтінішінің) қабылданбауын негіздеген құжаттар өтініш иесінде болмаған жағдайда қайтарып беріледі.
Кредитор растайтын құжаттарды бермегеніне байланысты тарату комиссиясы талапты (өтінішті) қабылдамауы кредитордың тарату комиссиясына талаптар (өтініштер) қабылдау үшін белгіленген мерзім шегінді талап етілген құжаттарды қоса беріп, талабын (өтінішін) қайта беруге кедергі жасамайды.»;
106-тармақтың бірінші сөйлемінде:
«он жұмыс күні» деген сөздер «бір ай» деген сөздермен ауыстырылсын;
«дереу» деген сөз «екі жұмыс күні ішінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
107-тармақта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«107. Кредиторлар комитетінің құрамына Банктер туралы Заңның 74-2-бабында көзделген кредиторлардың әр санатынан бір өкіл бойынша кредиторлардың талап ету тізіліміне енгізілген талаптардың барынша көп сомасы бар кредитор, сондай-ақ депозиттер, оның ішінде таратылатын ислам банкінде орналастырылған талап етуге дейінгі пайызсыз депозиттер және ақша аударымы бойынша таратылатын банкке талабы бар, осы Ереженің 107-1-тармағында көзделген тәртіпте сайланатын төртінші кезектегі кредиторлар санатынан екіден көп емес өкілі - жеке тұлғалар (бұдан әрі – жеке тұлға - салымшылар) кіреді.»;
төртінші бөлік алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 107-1-тармақпен толықтырылсын:
«107-1. Банктің тарату комиссиясы жеке тұлға – салымшылардан өкілді (өкілдерді) таңдау үшін аралық тарату балансы мен кредиторлар талаптарының тізілімі бекітілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының барлық аумағында таралатын мерзімдік баспа басылымдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде тарату комиссиясының таратылатын банктің кредиторлар комитетінің құрамын құру жөніндегі жұмыстарды жүргізу және таратылатын банктің кредиторлар комитетінің құрамына жеке тұлға – салымшылардан (бұдан әрі – кандидаттар) өтініш қабылдау туралы хабарламаны, өтінішті қабылдау мерзімі мен орнын көрсете отырып жариялайды. Бұл ретте, хабарламада кандидаттарға қойылатын мынадай талаптар көзделеді:
1) кандидат жеке тұлға – салымшы болуы тиіс;
2) кандидат банктің кредиторлар комитетінің мәжілістеріне өзі қатысуы тиіс.
Тарату комиссиясы кандидаттардың өтініштерін қабылдау мерзімі өткеннен кейін Қазақстан Республикасының барлық аумағында таралатын мерзімдік баспа басылымдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде банктің кредиторлар комитетінің құрамына жеке тұлға – салымшылардың өкілін таңдауды жүргізу туралы хабарлама жариялайды. Таңдау жеке тұлға – салымшының өз еркімен хабарламада жарияланған мерзімде және жерде жүзеге асырылады.
Таратылатын банктің кредиторлар комитетінің құрамына дауыс беруге келген жеке тұлға – салымшылар арасынан ең көп дауыс санын жинап алған кандидат (кандидаттар) кіреді.»;
109-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«109. Тарату комиссиясы кредиторлар комитетінің бірінші мәжілісінің өткізілу күніне дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей кредиторлар комитетінің барлық мүшелерін комитеттің бірінші мәжілісі өткізетін орын мен күні туралы жазбаша хабардар етеді.
Кредиторлар комитетінің бірінші мәжілісі кредиторлар комитетінің құрамы бекітілген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде жасалады. Кредиторлар комитеті бірінші мәжілісінде:
1) комитеттің төрағасын сайлайды;
2) кредиторлар комитетінің мәжілісін жүргізу тәртібін және дауыс беру рәсімін реттейтін кредиторлар комитеті туралы ережесін бекітеді.
Кредиторлар комитетінің төрағасына дауыс беру рәсімінде тең дауыс болған кезде шешуші дауыс құқығы беріледі. Кредиторлар комитетінің төрағасы комитеттің жұмыс жоспарын жасайды және бекітеді.»;
111-тармақта:
11) тармақшадағы «.» деген тыныс белгісі «;» деген тыныс белгісімен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:
«12) тарату комиссиясының төрағасы таратылатын банктің алдындағы берешегін өтеу үшін, оның ішінде сот шешімін орындау шотына банк дебиторымен мүлікті беру туралы қабылдаған шешімді келісу.»;
116-тармақта:
«бағалау құны» деген сөздер «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 30 қарашадағы Заңына сәйкес бағалаушы анықтаған құны (бұдан әрі – бағалау құны)» деген сөздермен ауыстырылсын;
«сақтай отырып,» деген сөздерден кейін «беру күніне» деген сөздермен толықтырылсын;
123-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Кредиторлар комитетінің құрамы бекітілгенге дейін тарату комиссиясы осы Ережеде көзделген тәртіппен уәкілетті органмен келісу бойынша мүлікті сатады.»;
125-тармақта:
екінші бөлік «өзге» деген сөзден кейін «жылжымалы» деген сөзбен толықтырылсын;
үшінші бөліктегі «мүлкі» деген сөз «жылжымалы мүлкі» деген сөздермен ауыстырылсын;
төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Тарату комиссиясы баланстық құны елу айлық есептік көрсеткіштен төмен жылжымалы мүлікті тарату комиссиясы өзі белгілеген баға бойынша, бірақ баланстық құнынан елу пайыздан төмен емес жария сауда-саттық өткізбей сатуға рұқсат етіледі.»;
127-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«127. Сату жоспарында сату объектілері туралы ұсыныстар мен олардың жан-жақты сипаттамасы, бағалау құны, сатудың бастапқы (және сауда-саттықтың голландтық әдісіндегі ең төмен) бағасы, сауда-саттықты өткізу кезеңі мен әдісі туралы мәліметтер бар.
Сату жоспарына баланстық құны елу айлық есептік көрсеткіштен төмен, сондай-ақ жүз айлық есептік көрсеткіштен кем бағалау құны бар мүлік енгізілмейді. Жүз айлық есептік көрсеткіштен кем бағалау құны бар, бағалау құнынан төмен баға бойынша сатылмаған мүлік сату жоспарына енгізіледі.»;
130-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) сатуға қойылатын лоттардың бастапқы және ең төменгі бағасы (лоттың ең төмен бағасы сауда-саттықты голландтық әдісімен өткізген жағдайда көрсетіледі);»
171-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«171. Тарату комиссиясы кепілдік беру жөніндегі ұйымға депозиторлардың тізімін, кепілдік берілетін депозиттерді қайтару бойынша міндеттемелерді, сондай-ақ кепілдік беру жөніндегі ұйым бекіткен нысан бойынша және «Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 13-бабының 3- тармағында белгіленген мерзімде банкті мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген күнгі жағдай бойынша депозиттер бойынша өтеу есебін ұсынады.
Тарату комиссиясы кепілдік беру жөніндегі ұйымға депозиторлардың тізімін, сондай-ақ депозиттер бойынша өтеу есебін беруді қабылдау-өткізу актісін жасап, қағаз және электрондық тасымалдауыштарда жүзеге асырады.»;
172-тармақ алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 173-1-тармақпен толықтырылсын:
«173-1. Тарату комиссиясы және кепілдік беру жөніндегі ұйым әр жылдың төртінші тоқсанында (банктің тарату ісі қозғалған жылды қоспағанда) кепілдік беру жөніндегі ұйым таратылатын банктің салымшыларына төлеген кепілдік өтемақы сомасының салыстырып тексеруін жүргізеді.».
2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Төрайым Е.БАХМУТОВА.
Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылғы 26 сәуірде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №6907 болып енгізілді.