2011 жылғы 28 ақпан, Алматы қаласы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Банк конгломераттарына арналған пруденциалдық нормативтерді есептеу әдістемелері мен нормативтік мәнін, сондай-ақ олардың орындалуы туралы есеп берудің нысандары мен мерзімін белгілеу туралы» 2006 жылғы 25 ақпандағы № 44 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
Банк конгломераттарының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасы қаулы етеді:
1. Агенттік Басқармасының «Банк конгломераттарына арналған пруденциалдық нормативтерді есептеу әдістемелері мен нормативтік мәнін, сондай-ақ олардың орындалуы туралы есеп берудің нысандары мен мерзімін белгілеу туралы» 2006 жылғы 25 ақпандағы № 44 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4148 тіркелген) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
2-тармақтың бірінші бөлігінің екінші абзацында:
«;» деген тыныс белгісі «.» деген тыныс белгісіне ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:
«Банк конгломератының пруденциалдық нормативтерінің есептеуіне банк конгломератының бас ұйымы және инвестициялар банк конгломераты қатысушыларының меншікті қаражаты есебінен берілген банк конгломератының қатысушылары туралы мәліметтер енгізіледі;».
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және оның қолданысы 2010 жылғы 1 наурыздан бастап туындаған қатынастарға таралады.
Төрайым Е.БАХМУТОВА.
Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылғы 11 сәуірде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №6880 болып енгізілді.