16 Тамыз, 2011

Ширек финалдан аса алмады

306 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Бұған дейін қазақстандық теннисші Галина Воскобоеваның Торонтода аяқталған Канаданың ашық біріншілігінде ширек фи­нал­ға жеткенін хабарлаған бола­тын­быз. Өкінішке қарай, жарты­лай финалға жолдама беретін кездесуде ол белоруссиялық теннисші, әлемнің төртінші ракеткасы Виктория Азаренкадан ұтылып қалды. Дей тұрғанмен, Г.Воскобоева үшін осының өзі айтарлықтай табысты турнир болғанын айта кету керек. Сөйтіп, ол әлемдік рейтингтегі 146-шы орыннан 100-дікке көтерілді. Жартылай финалдағы кездесулер төмендегіше аяқталды. Жара­қа­тына байланысты бір жылдық үзілістен соң кортқа шыққан аме­рикалық Серена Уйльямс Виктория Азаренканы екі сетте оңай жең­­ді. Австралиялық Саманта Сто­сур польшалық теннисші Агнешка Радванскадан басым түсті. Ал финалда С.Стосур С.Уйльямсқа жөн­ді қарсылық көрсете алмай, екі сетте (6:4, 6:2) жеңіліс тапты. Сөйтіп, сыйақы қоры 2 миллион доллардан асатын Канаданың ашық чемпионатында жеңімпаз С.Уйльямс 360 мың долларға ие болды. Финалға шыққан С.Стосур осының жартысындай ақшаға қол жеткізді. Жартылай финалистер – А.Радванска мен В.Азаренканың табысы 85 мың доллардан айнал­ды. Ширек финалға шыққандар­дың да сыйақысы айтарлықтай қомақты. Мәселен, Г.Воскобоева 42,5 мың доллар алып қайтты. «Егемен-ақпарат».