20 Тамыз, 2011

Жариялылықтың жарқын көрінісі

409 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Юсуп КЕЛИГОВ, мәслихат депутаты. Парламент Сенаты депутаттығына кан­дидаттарды таңдау жоғары деңгейде өткізілгендігін орынды атап өткім келеді. Сайлау үдерісі жан-жақты көрсетіліп, оған көптеген бұқаралық ақпарат құрал­дары өкілдерінің қатысуы мені қуантты. Одан басқа халықаралық ұйымдар мен шетелдік байқаушылардың және өзіміздің қоғамдық бірлестік өкілдерінің сайлау барысын байқауға көптеп келуі демократияның жарқын көрінісі іспетті болды. Менің пайымымша, біз Сенат депутаттығына лайықты адамды таңдап отырмыз. Гурген ОГАНЕСЯН, ТМД байқаушысы. Мен өзім Армениядан келдім, ТМД байқаушылары құрамындамын. Бізде мұндай жанама сайлау тек қала әкімін сайлау кезінде орын алады. Бір палаталы парламент болғандықтан, мен үшін мына сайлау жүйесі өте қызығушылық тудырды. Өзін өзі ұсынушы ретінде жас үміткерлердің де сайлауға түсіп жатуы мені қуантты. Әйтсе де таңдаушылар өмір көрген, тәжірибелі адамға өз дауыстарын берді. Ол түсінікті де. Осы­ның өзінен-ақ сай­лаудың қанша­лық­ты демократиялық негізде өтіп жат­қан­­­дығын көруге болады. Сергей БРАГА, «Урядовий курьер» газетінің редакторы. В.Ре­дкокашиннің жеңіске жетеріне ешкімнің де күмәні болған жоқ қой деймін. Жеңіс нәтижесін оның партиялық ұс­танымында емес, түсіндіру жұмыс­та­рын жан-жақты жүргізуінен күту керек шығар. Өйткені, бір партиядан екі үміткердің түсуі осыны меңзеп отыр. Мәселен, Украинада жанамалы түрде сайлаушылардың дауыс беруі деген жоқ. Оның үстіне бұқаралық ақпарат құралдарының көзінше дауыс беру нәтижесін жария ету маған өте ұнайды. Ең бастысы – мұның барлығы да ашық және әділ өтті. Мұхтар ЕРКЕТАЕВ, В.Редкокашиннің сенім білдірілген адамы. Сенат депутаттығына түскен кандидатпен біз екеуміз комсомол кезінен бірге жұмыс істеп келеміз. Осы өңірдің тумасы. Таңдаушылардың барлығы дерлік өз дауыстарын В.Редкокашинге беріп жатуы оның жұмысын білгендіктен деп түюге болады. Ол – қарапайым жұмысшыдан осындай деңгейге дейін көтерілген тұлға. Ал сайлаудың қалай өткеніне келер болсақ, оның заңды түрде жүзеге асқанына ешкімнің күмәні бола қоймас. Өйткені, барлығы да көз алдымызда өтті. Менің ойымша, Сенат сайлауын халыққа кеңінен түсіндіру қажет. Мен өз тарапымнан бұқаралық ақпарат құралдары және өзге де жолдармен осы мәселені халыққа кеңінен жеткізгендей болдым. Жазып алған Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ.