23 Тамыз, 2011

Мүгедектің мұнысы не?

293 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Оңай жолмен пайда табуға құмартып, қылмысқа баратындар тепсе темір үзетіндердің ғана емес, мүгедек жандар арасында да кездесуде. Алматы қаласының 43 жас­тағы тұрғыны Мұрат Есенов бірінші топтағы мүгедектігіне қарамай, қылмыстық әрекеттер­мен айналы­су­ды әдетке айнал­дыр­­ған. Ол Ал­ма­лы ауданында тұратын таныс­тарын да және өзгелерді де «арзан бағамен» ноутбук алып беремін, сөйтіп сендер біршама ақша­ларың­ды үнем­дей­сіңдер» деп, бірқатар қаражат жинап алған. Жарты жыл­дан астам уақыт өзгелерді құрғақ уәде­мен тойдырған алаяқ жақында құ­рықталды. Мүгедек адамға мү­сір­кеушілікпен қарап, оның өздерін алдамайтынына сенген жандар болса оған берген қомақты қара­жатын қайтара алмай әлек. Екі балдақпен әзер қозғалатын мүгедек-айыпкерден жауап алу кезінде бірқатар көлеңкелі жәйт­тің беті ашылды. Ол өзгелерден алаяқ­тық жолмен алдап алған ақшаны түгелдей дерлік есірткі сатып алуға жұмсағанын айтты. Таңғаларлығы, осындай өрескел ісіне қиналып, қынжылып, өкініш те білдірмейді. Сөйтсе он жыл бойы есірткімен әуестенген Мұ­рат Есенов бұдан бұрын да есірткі сату және ұрлау жөніндегі қыл­мы­сы бойынша жеті рет жауапқа тартылып, сотталған, – дейді Ал­ма­лы аудандық ІІБ бас­ты­ғының орынбасары, полиция подполковнигі Болат Мұханбетов. Бақыт БАЛҒАРИНА, Алматы.