23 Тамыз, 2011

Аңдысқан жау алмай қоймайды

341 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін
Кешегі ақпараттарға қарағанда, Муаммар Кадда­фидің режімі құлаудың аз-ақ алдында тұр. Өтпелі ұлттық кеңес (ӨҰК) өкілдерінің соңғы мәліметіне қарағанда, ел астанасы Триполи қаласының 20 па­й­ыздайы ғана Каддафи әскерінің бақылауында қал­ған. Бірақ, соған қарамай, көтерілісшілер жеңіс­терін ашық тойлап жатты. Триполиді алудың шабуылы НАТО әскери-әуе күш­те­рінің көмегімен жексенбіге қараған түнде басталған. Ал­ғашқы екпінмен көтерілісшілердің күші Триполиден 27 шақырым жерде орналасқан Каддафидің әскери базасын басып алды. Мұндағы үздік әскерді Каддафидің бір баласы Хамис басқарған болатын. Жексенбі күні шабуылдар одан әрі жалғасып, көтерілісшілер Триполидің орталығын түгел басып алды. Бірақ полковниктің сенімді әскерлері де жанталаса қарсылық көрсетті. Жаңбырдың зардаптары орасан Үндістанда толастамай жауған мус­­­сондық нөсерлердің кесірінен ондаған елді мекендер су астында қалды. Соң­ғы мәліметтерге қарағанда, 50-ден астам адам қаза тауып, 300 мыңнан астам адам баспанасынан айырылған. Әсіресе, Батыс Бенгалияда жолдар бұзылып, темір жол қатынасы үзілді. Ауыл шаруашылығына орасан зор шы­ғын­дар келтірілді. Бихар, Ассам, Уттар-Прадеш штат­та­рындағы жағдайлар да осындай. Соңғы үш күнде түскен ылғал мөлшері 850 мм-ге жетіпті. Апаттың әлегін жою жұмыстарына елдің әскери күштері тартылуда. Киім арқылы жасалатын жарнама Ыстамбұл қаласындағы атақты Сұлтанахмет мешітінің имамдары ақша түсірудің жеңіл әдісін ойлап тауыпты. Олар мешітке келетін әрбір мұсылман үшін дресс-код енгізіпті. Оның мәнісі: мұнда кіретін әрбір мұсылман мешіттің символикасы көрсетілген мұсылман киімін автоматтан алуға тиісті етілген. Мұсылмандық киімдер классикалық исламдық үлгіде тігілген екен. Жыл сайын бұл мешітті көруге 4-5 млн. турист келетін көрінеді. Олардың әрқайсысы осынау киімді алғанда мешітке аз пайда түспесі белгілі. Оның үстіне Сұлтанахмет мешітінің сыйкәделік киімдер арқылы танылуы да арта түсері сөзсіз. Жылдамдықтың төмендігі құтқарды Жексенбі күні Мысырда екі жолаушы пойызы соғылған. Қарама-қарсы келе жатқан пойыздарға «көк жарық» темір жол қызметі жауапты жұ­мыс­шысының қателігінен жағылған болып шықты. Абырой болғанда, пойыздардың жылдамдығы төмен болып, соның арқасында адам шығынына жол берілмеген. Әйтпесе, нағыз апат орын алады екен. Тек 15 адам жа­ра­ланып, ауруханаларға жеткізілген. Қазір елдің прокуратура органдары аса қауіпті қатерге ұшырата жаздаған қателіктің себебін анықтауда. Жауапты жұмыс­шы­ның міндетін атқарушы адам бірден қа­мау­ға алынған. Тағы бір ұшақ апатқа ұшырады Ленинград облысындағы Ропша кентінің маңындағы егіс алаңына сенбі күні жеке меншік ұшақ құлап, төрт адам қаза тапты. Ашық алаңға құлағанның арқасында ғана үлкен апаттың жолы кесілді, әйтпесе жарыл­ған әуе кемесінің қызуы үлкен зардап әкелері сөзсіз екен. Қазір ұшақтағы жан­дар­дың кімдер болғаны анықталуда. Осы Ленинград облысында бес күн ғана бұрын төрт кісілік жеке меншік ұшақ апатқа ұшыраған еді. Онда ұшақ электр жүйесінің бағанына соғылған болатын. Кінәлілерді анықтау барысында ұшқыштың аспанға көтерілуге ешқан­дай құқы болмағандығы анықталып, бар жауапкершілік соған аударылған еді. Мүгедектер қамқорлыққа зәру Қырғызстандағы денсаулығы дім­кәс жандардың құқығын қорғайтын қоғамдық ұйымдар елдің премьер-министрі А.Атамбаевқа хат жолдап, үкі­меттің өздері қолдайтын жандарға ешқандай көмек қолын созбайтынын дәлелдеп берді. Хатта мүгедек жандар үшін жұмыс орын­да­ры­ның кво­таланбайтындығы, салынып жатқан үйлерде пандус қарас­тырылмайтыны және т.б жоқтығы айтылған. Қа­зір Қыр­ғыз­станда 133 мың мүгедек жан бар екен және олар жыл сай­ын 4-5 пайызға көбейіп отыратын көрінеді. Ал 10 жылдан кейін бұлардың саны 200 мыңға жетпекші. Қо­ғам­дық ұйымдар осындай жандарға қамқорлықты премьер-ми­нистр­дің өзі тікелей бақылауға алуын өтінген. Қысқа қайырып айтқанда: • Санкт-Петербургтің губернаторы В.Матвиенко муници­пал­дық сайлауда 90 пайыздан артық дауыс жинап жеңіске жет­ті. Кеше ол губернаторлық тақты босатып, Федералдық Ке­ңестің депутаттығына өтті. Мұнда ол спикердің тағынан үміт етіп отыр. • Британия премьер-министрі Д.Кэмерон кеше журналистер алдында сөйлеп, М.Каддафиді Ливия халқы соттауы керек екенін мәлімдеді. Сонымен бірге, Британия үкіметі оның тұтқындалған есеп-шоттарындағы қаражатты көтерілісшілерге босата бас­­тайтынын жеткізді. • Мәскеуде тағы да орталықазиялық азаматтар шейіт бол­ды. 31 жастағы өзбек әйелі екі қызымен бірге қылқын­ды­ры­лып өлтірілген. Күдікті ұсталыпты. • Жексенбі күні Сирия президенті Башар Асад елдің теле­ар­на­сы арқылы сөйлеп, өзінің тақтан кетпейтінін мәлімдеді. Ол мем­ле­кеттің қауіпсіздік күштері елдегі тәртіпті сақтай алатынын жариялады.

Интернет материалдары негізінде әзірленді.