23 Тамыз, 2011

Елбасы оқыған мектепте болды

386 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Жаңа оқу жылының қарсаңын­да Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев білім алған Үшқоңыр ауылындағы Қа­расай батыр мектебінде болған Білім және ғылым министрі Ба­қыт­жан Жұмағұлов оқу ұясына компьютерлік сыныптың толық жаб­дықтарын, еліміздің 20 жылдық ме­рейтойы мен Президентке ар­нал­ған 600 кітапты тарту етті. Ол Мемлекет басшысы білім нәрімен сусындаған мектептегі кездесудің өзіндік мәніне тоқталып, қоғам­да­ғы педагогтардың мәртебесін көте­ру­дегі нақты істерді атап өтті. Ұс­таздардың айлығы биылғы 1 шілдеден бастап 30 пайызға, сондай-ақ қыркүйек айынан біліктілік санаты үшін қосымша ақы төленетінін алға тартты. Сапар барысында министр осы Қарасай ауданындағы тағы бір білім ошағына атбасын бұрып, оқу­шылармен, ұстаздармен жүздесті. Үздік мұғалімдерге төсбелгілер мен алғыс хаттар тапсырды. «Егемен-ақпарат».