24 Тамыз, 2011

24 сағат

280 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
*Солтүстік Корея көсемі Ким Чен Ир кеше өзінің брон­ды пойызымен Буря­тия­ға келді. Онда ол Ресей Президенті Дмитрий Медведевпен кездесіп, келіссөз жүргіз­бек­ші. Ке­ліс­сөздің негізгі та­қырыбы екі елдің энергетика саласын­дағы ынтымақтас­ты­ғы болмақ. *Ирак аумағындағы әуе және жер операциялары нәтижесінде түрік әскерилері алты күннің ішінде шамамен 100 шақты күрд жасақтарының көзін жой­ды. 80 шақты жасақ түрлі дең­гейде дене жарақаттарын алған. *Бұған дейін көтеріліс­ші­лердің Ливия астанасы – Триполи қаласын өз бағынысына алғаны туралы ақпарат тара­ған еді. Енді бұған күмән ту­ып отыр. Өйткені, тұтқынға алынды делінген Ливия бас­шысының баласы Сейф әл-Ислам кеше шетелдік агент­тік­тердің журналистерімен кез­десіп, оларды қаланы ара­лауға шақырған. Сейф әл-Исламның сөзіне қарағанда, Триполи әлі де өздерінің ба­қы­лауында. Бірақ Каддафи­дің қалада бар-жоғы белгісіз. *Варшаваның әскери про­ку­ра­турасы Польшаның бұрынғы президенті Лех Качиньскидің Ту-154 ұшағын ұшуға дайын­даған екі поляк офицерін кінәлі деп тауып отыр. Айып тағыл­ғандардың аты-жөндері әзірше айтылмайды. Л.Качиньски мінген аталған ұшақтың былтыр Ресей аумағында апатқа ұшы­рап, оның бортындағы 96 адамның барлығы қаза тапқаны белгілі. *Халықаралық валюта қо­рының бұрынғы басшысы Доминик Стросс-Канға әйел зор­ламақ болды деген айып та­ғыл­ғаны мәлім. Бірақ кінә дә­лелденбеді. Сондықтан прокуратура одан айыптауды алып тастаумен келісті. Фран­ция пре­зиденттігінен үміт­кердің сая­сат ойынының құрбаны бол­ғаны анық. *Сот бортында америкалық­тар бар яхтаны басып алуға қа­тысқан екі сомалилық пиратты өмір бақи түрмеде отыруға кесті. 30 жастағы Әли Әбди Мохамед пен 31 жастағы Бурхан Әбдірахман Юсуфке үкімді АҚШ-тың Вирджиния соты шығарды. *Германиялық екі турист Ауғанстанның солтүстігіндегі тауларда жоғалып кеткен. По­лиция неміс елшілігімен бірлесіп, туристердің із-түзсіз жоғалуын тексеруде. Екі неміс азаматы Ауғанстандағы тау шыңдарының бірін ба­ғын­дыруға аттанса керек. *Иранда екі америкалық 8 жылға бас бостандықтарынан айы­рылды. Шейн Бауер мен Джош Фэттал елге заңсыз енгені үшін үш жылдан алса, шпион­дық әре­кеттері үшін әрқайсы­сына бес жылдан берілді. Олар белгіленбеген Ирак пен Иран шекарасында 2009 жылдың жа­зын­да тұтқындалған еді. Үкім енді шығарылып отыр. *Австралия полициясы бұ­рынғы медицина қызмет­кер­лері кәсіподағының басшысы Крейг Томсонға қатысты тергеу ісін бастады. Ол бүгінде Ав­стралия парламентінің де­путаты болып табылады. К.Томсон кәсіподақ басқарып жүрген кезінде ұйымның ақ­ша­сын жезөкшелерге жұм­саса керек. *АҚШ-тың Флорида штатын­дағы Семинол қаласының тұр­ғы­ны Джессики Мари Бирс асы­рауындағы бес жасар ұл ба­ланы сатуға әрекет жасады деген күдікпен тұтқынға алынды.

Ақпарат агенттіктері материалдарының негізінде әзірленді.